Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет12/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Білікті омыртқаның (axis) басқа мойын омыртқаларынан айырмашылығы 
денесінің жоғарғы бетінде вертикалды орналасқан тіс тәрізді өсіндінің немесе тістің 
(dens) болуы, ол бассүйектің атлантпен бірігіп, айналатын бойлық бөлігін түзеді. Тістің 
алдыңғы бетінде атланттың алдыңғы доғасының буындық шұңқыршасымен қосылатын 
кішігірім буындық бет орналасқан. Көлденең өсінділері әлсіз дамыған, ұштарында 
көпшілік мойын омыртқаларындағыдай алдыңғы және артқы төмпешіктер жоғалған. 
Кеуде омыртқалары (vertebrae thoracicae), тұлғаның тек қана сүтқоректілер мен 
адамда ғана сақталған қабырғалар бөлігіне сәйкес келетін және төменгі сатылы 
омыртқалылардың омыртқаларының алғашқы пішінен көп өзгермеген бөлігі. Адамда 
12 (сирек 13) кеуде омыртқаларын ажыратады. Олар басқа омыртқалардан денелерінің 
бүйір беттерінде орналасқан жоғарғы және төменгі қабырғалық шұңқыршалардың 
(fovea costales superiores et inferiores) болуымен ерекшеленеді. Х-ХІІ омыртқалардың 
денелерінде бір-бірден (оң, сол) ғана шұңқыршалар болады. Кейде омыртқалардың 
денелері үлкендеу болып келеді. Жоғарғы кеуде омыртқаларының денелерінің 
көлденең кесіндісі пішіні овалды, сәл төменірек – бұрыштары домалақтанған 
үшбұрышты, ал төменгілерінде қайта үшбұрышты пішін қалыптасады. І-Х кеуде 
омыртқаларының көлденең өсінділерінің ұштарының алдыңғы беттерінде сәйкес 
қабырға төмпешіктерімен буындасатын қабырғалық шұңқыршалар (fovea costales 
processus transversus) орналасқан. І-ҮІІІ кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділері 
біртіндеп ұзарып, төменге иіле, бірін-бірі үстінен жауып (черепица) орналасқан, ал ІХ- 
ХІІ омыртқаларда біртіндеп горизонталды жағдайға иіле бастайды. ХІІ кеуде 
омыртқасынан басқаларының буындық өсінділері фронталды жазықтыққа бағытталған. 
Бел омыртқалары (vertebrae lumbales) – 5, басқа омыртқалардан көлденең өсінді 
тесігі мен қабырғалық шұңқыршаларының болмауымен ерекшеленеді. Бел 
омыртқаларының буындық өсінділері жақсы жетілген және басқа омыртқалардан 
ерекшелігі сагитталды жазықтықта бағытталған. 
Сегізкөз омыртқалары (vertebrae sacrales) толығымен бірігіп, бітісіп сегізкөз 
сүйегін түзеді. Сегізкөз омыртқалары (5, кейде 6) адамда және көптеген басқа 
сүтқоректілер мен төменгі сатылы приматтарда (кейбір кесіртке-панголиттерден басқа) 
болады. Бұл тік жүру үрдісінің басталып, денесінің төменгі бөлігіне (жамбас пен аяқ) 
өте үлен жүктеменің түсуіне бейімделуінен деп түсіндіріледі. Сегізкөз (os sacrum) 
адамда төрт қырлы пирамидаға ұқсас. Оның жоғары қараған негізі (basis ossis sacri) 
соңғы бел омыртқа денесімен, ұшы (apex) құйымшақпен қосылады. Бірінші сегізкөз 


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет