Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет20/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Білек сүйектері (ossa antebrachii) 
 
 
Білек сүйектерін екі жілік сүйек құрайды – шынтақ жілік және кәрі жілік. 
Кәрі жілік (radius) – екі эпифизден және диафизден тұрады. Проксималді ұшы
жіңішке және цилиндртәрізді басымен (caput radii) бітеді. Оның жоғарғы бетінде 
тоқпан жіліктің басымен қосылатын ойысы бар. Басы денесінен кәрі жілік мойнымен 
(collum radii) шектеледі. Басының ішкі бетінде шынтақ жілікпен қосылатын буындық 
айналма (circumferentia articularis) орналасқан. Мойнынан төменрек және алдыңғы 
медиалді бетінде қәрі жілік бұдырмағы (tuberositas radii) жатыр. 
Төменгі ұшы жуан және қалың. Төменгі бетінде білезіктік буындық бет 
орналасқан, ал оның латералді жиегі бізтәрізді өсіндімен (processus styloideus) 
аяқталады. Кәрі жілік денесінің (диафиз) үш жиегін (алдыңғы, артқы және сүйек 
аралық), үш бетін (алдыңғы, артқы және латералді) ажыратады. 
Шынтақ жілік (ulna) – екі эпифизден (жоғарғы және төменгі) және диафизден 
тұрады. Жуандау проксималді ұшында артынан шынтақ өсіндісімен (olecranon) және 
алдынан тәждік өсіндімен (processus coronoideus) шектелген шығыршықтық тілік 
(incisura trochlearis) орналасқан. Тәжді өсіндінің астында шынтақ жілік бұдырмағы 
(tuberositas ulnae), ал шығыршықтық тіліктің сыртында тайыздау кәрі жіліктік тілік 
жайғасқан. Жіңішке төменгі ұшы шынтақ жіліктің басын (caput ulna) түзеді. Басының 
артқы – бүйір бетінде кәрі жілікпен қосылатын буындық айналма (circumferentia 
articularis), ал медиалді жағында біз тәрізді өсінді (processus styloideus) жатыр. Шынтақ 
жіліктің денесінің (диафиздің) пішіні кәрі жіліктікіне сәйкес келеді. 
Қол басы сүйектері 
 
 
Қол басы сүйектері (ossa manus) – білезік, алақан және саусақтарға бөлінеді. 
Білезік сүйектері (ossa carpi) төрт сүйектен екі қатар орналасқан сегіз қысқа кеуек 
сүйектер жиынтығы. Проксималды қатар бас бармақ жақтан алғанда мына сүйектерден 
түзілген: қайық тәрізді (os scophoidea), ай тәрізді (os lunatum), үшқырлы (os triquetrum) 
және бұршақ тәрізді (os pisiforme). Алғашқы үш сүйек бір-бірімен қосылып, кәрі 
жіліктің дисталды шетімен буындасуға арналған эллипс тәрізді білекке қарай 


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет