Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет28/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
БАССҮЙЕКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 
 
 
Бассүйек, 
cranium 
- көру, есту мен тепе-теңдік, иіс сезу, дәм сезу 
ағзаларының орналасқан аймағы. Бассүйек екі бөліктен ми орналасқан, 
милық – 
cranium cerebrale (neurocranium) 
және тыныс алу мен ас қорыту 
жолдарының сүйектік негізін құрайтын беттік 
cranium visceralе 
(splanchocranium) 
– тұрады. Мисауыттық бассүйекте екі бөлімді 
айырады: бассүйек төбесі (күмбезі),
calvaria, 
және негізі, 
basis cranii
, оның 
өзіне сыртқы 
basis cranii externa 
мен ішкі 
basis cranii interna 
жатады. 
Бассүйектің ішкі негізін оның горизонтальды кесіндісінде төбесін алып 
тастағанда ғана көру мүмкін. 
Бүтін бассүйекті әртүрлі қалыпта зерттегенде онда төмендегідей 
түзілістер байқалады: үстінен- 
вертикальды норма, 
поrта verticalis, 
– бассүйектің күмбезін; төменнен – 
базилярлық норма, 
поrта basilaris, 
– 
бассүйектің сыртқы негізін; алдынан – 
беттік норма, 
поrта faсialis, 
– мұрын 
қуысына, 
cavitas nasi, 
апаратын 
алмұрттәрізді тесікті, 
aperturа piriformis, 
көз шарасын, 
orbita, 
сонымен қатар жоғарғы және төменгі жақсүйектерді 
көрінеді; артынан – 
шүйделік норманы; 
поrта occipitalis, 
бүйірінен – 
латералдық норманы, 
поrта lateralis, 
көруге болады. 
Бассүйектің бүйір беттерінен (
поrта lateralis
) бірқатар шұңқыршалармен ұңғылдарды 
табуға болады, олардың бастысы: самай, 
самайасты шұңқыршалар, 
fossa temporalis et fossa infratemporalis, 
бір-бірінен 
сынатәрізді сүйектің қыры арқылы бөлінген, ал самайасты шұңқыршадан 
тереңдеу қанат – таңдайлық шұңқырша, 
fossa pterygopalatina 
орналасқан. 
Бассүйектің ішкі негізі үш бассүйектік шұңқыршалардан түзілген: 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет