Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет36/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

көзұялық, лабиринттік 
және 
шүйделік. 
Торлы аймақ, 
прехордальдық табақшалардың алдыңғы шеттерінің 
мұрын қапшықтарымен бірігуінен түзілген. Келесі кезеңдерде басқа бет 
сүйектерінен энхондральдық дамуымен ерекшелінетін торлы сүйекпен 
төменгі мұрын кеуілжірі қалыптасады. 
Көзшаралық аймақ 
көру қапшығының прехордальдық табақшалармен 
бірігуінен түзіледі. Одан сынатәрізді сүйектің басым бөлігі дамиды. 
(5-кестені қараңыз). 
Лабиринтті аймақ, 
прехордальдық табақшалардың есту қапшығымен 
бірігуінен түзіледі.Ол самай сүйектің тасты бөлігімен емізіктәрізді өсінді 
дамитын шеміршектік негіз болып табылады. 
Шүйде аймағы, 
прехордальдық табақшалардың бірігуінен түзіледі. 
Одан дамитындар: шүйде сүйектің базилярлы, латералды бөліктері мен 
қабыршақтың төменгі бөлігі дамиды. 
Бассүйектің беттік бөлігінің дамуы 
Бассүйектің беттік бөлігі алғашқы ішектің краниальді бөлігіне жанаса 
орналасқан мезенхимадан дамиды. Мезенхиманың желбезек қалталарынан 
желбезек доғалары қалыптасады. Төменгі сатылы омыртқалыларда бірінші 
доға төменгі жақтық, ал екіншісі тіластылық деп аталады. Аталған екі доға 


45 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
висцеральдық болса, басқалары желбезектік деп аталады. 
Бірінші висцеральдық доғадан екі есту сүйекшелері: балғаша, төсше 
және Меккел шеміршегі дамиды. Төменгі жақсүйектің дамуы Меккел 
шеміршегінің дистальды бөлігін қоршай орналсқан мезенхимадан басталады. 
Бұл шеміршек біртіндеп кері дамып бір уақытта ғайып болады. Сондықтан 
төменгі жақсүйектің денесімен тармақтары, кейіннен шеміршек негізінен 
дамыған сүйектік бөлшектерімен қосылған эндосмальды сүйек болып 
табылады. Төменгі жақсүйектің екі өсіндісі де энхондральды дамиды. 
Екіншісі висцеральдық доғаның (тіласты шеміршегі) ортаңғы 
бөлігі кері дамып ақырында біз-тіласты байламына айналады. Шеміршектік 
доғаның проксимальды бөлімінен есту сүйекшесі – үзеңгіше және самай 
сүйегінің пирамидасымен бітіскен шеміршектік бізтәрізді өсінді дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет