сынатәрізді қойнау,
sinus sphenoidalis
орналасқан.
Сынатәрізді сүйек даму тұрғысынан аралас.
Оның үлкен қанаттарының латералды бөліктері, қанаттәрізді өсіндінің
медиалды табақшасы (қанаттәрізді ілмектен басқа) және сынатәрізді қалқан
34
Нуржігіт Алтынбеков
даму үрдісінде екі сатыны өтсе, қалған бөліктері кейінгі сүйектерге
жатады.
Самай сүйек,
os temporale,
төрт бөліктен:
қабыршақтық,
squama
temporalis;
емізіктәрізді,
pars mastoidea;
дабылдық,
pars tympanicа
және
тасты (пирамида),
pars petrosa (pyramis)
құралған. Самай сүйектің
қабыршағы бассүйектің төбесін құрауға қатысса, дабыл және тасты бөліктері
оның негізін жасайды. Дабыл бөлігі және бассүйектің сыртқы негізінде
сыртқы есту өтісін шектейтін жұқа табақша.Тасты бөліктің 3 жиегін, 3 бетін
және ұшын айырады. Алдыңғы және жоғарғы жиектері;
margo anterior et
margo superior,
ортаңғы бассүйек шұңқырына қараған алдыңғы бетін
шектейді.
Жоғарғы және артқы жиектерінің,
margo superior et margo
роsterior
арасында бассүйектің артқы шұңқыршасын құрауға қатысушы
артқы беті орналасқан, ал төменгі беті
facies inferior
болса бассүйектің
сыртқы негізін түзеді.
Самай сүйектің пирамидасында: ішкі есту өтісі,
meatus acusticus internus;
дабыл қуысы,
cavitas tympanica
оның ішінде үш есту сүйекшелері орналасқан
malleus,
балғаша,
incus
, төс,
stapes,
үзеңгі және лабиринт (ішкі құлақ),
labyrinthus (auris internus)
сонымен қатар бірнеше өзектер орналасқан.
Емізіктәрізді бөлік, ұяшықтардан
cellulae mastoidea,
емізіктәрізді өсінді,
ішіндегі ең кеңі емізіктәрізді үңгір,
antrum mastoideum.
Самай сүйек даму тұрғысынан аралас : пирамидамен емізіктәрізді
бөліктері кейінгі , ал қабыршақ пен дабыл бөліктері алғашқы
сүйектерге жатады.
Мисауыт сүйектерінің негізгі бөліктерінің нақтылы көрсеткіштері –
3-ші кестеде берілген.
Бет өзегі,
canalis facialis,
ішкі есту өтісінің
meatus acusticus internus
түбінен басталып,әрі қарай пирамиданың ішімен латералды бағытталып
hiatus canalis nervi petrosi majoris-
қа жетеді, сол жерде 90 градустық
|