Нуржігіт Алтынбеков
бөлігі алғашқы сүйектерге жатады.
Шеке сүйек ,
os parietale, бассүйек күмбезінің құрамына кіреді. Оның
сыртқы және ішкі (милық) беттерін,
facies externa et facies interna (cerebralis), сонымен қатар төрт жиегін, төрт бұрышын айырады.
Маңдай жиегі, margo frontalis, маңдай сүйегімен жанасады, самай сүйектің
қабыршақтық жиегіне
қабыршақтық жиегі, margo squamosus бағытталған;
шүйде сүйектің қабыршағымен
шүйделік жиек, margo occipitalis қосылады;
шеке сүйектер бір-бірімен
сагиттальды жиекпен, margo sagittalis бірігеді.
Шеке сүйектің алдыңғы-жоғарғы бұрышы
маңдайлық, angulus frontalis, сына сүйекке қараған бұрышы
сынасүйектік, angulus sphenoidalis, артқы-
жоғарғы бұрышы
шүйделік, angulus occipitalis, ал самай сүйектің
емізіктәрізді бөлігіне бағытталған бұрышы
емізіктәрізді бұрыш, angulus mastoideus деп аталады. Шеке сүйек даму жолында дәнекертіндік және
меншікті сүйектік сатылардан өтеді, демек ол біріншіреттік (алғашқы) сүйек
болып саналады.
Торлы сүйек, os ethmoidale, үстінде әтеш айдары,
crista galli орналасқан
тесіктелген табақша, lamina cribrosa; перпендикулярлық табақша, lamina perpendicularis, және жұп
торлы лабиринттерден, labirintus ethmoidalis құралған. Тесіктелген табақша алдыңғы бассүйектік шұңқыршаны түзуге
қатынасып мұрын қуысының жоғарғы қабырғасын құрайды, ал
перпендикулярлық табақша мұрын қалқасының құрамына кіреді.
Торлы лабиринттің екі бетін:
көзұялық, facies orbitalis және мұрын беті
facies nasalis ажыратады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасының құрамына
кіретін мұрын бетінде жоғарғы мұрын жолын шектейтін өсіндіні: