Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет26/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
қатар орналасқан: проксималдыға – асық сүйек пен өкше сүйек, дисталдыға – үш сына 
тәрізді, қайық тәрізді және текше сүйектер жатады. 
Асық сүйек (talus) – салмақты, денесі текше тәрізді, қысқа мойнымен алға 
қараған сопақ басынан (caput tali) тұратын сүйек. Денесінің жоғарғы беті шығыршық 
(trochlea tali) тәрізді, ол сирақ сүйектерімен қосылуға арналған. Артқы бөлігі өзі 
арқылы сагитталды орналасқан, үлкен бақайдың ұзын бүккішінің сіңірі өтетін жүлгесі 
бар артқы өсіндімен аяқталады. Асық сүйектің төменгі бетінде артқы, ортаңғы және 
алдыңғы өкшелік буындық беттер болады. Артқы өкшелік буындық бет пен қалған 
екеуінің арасында сүйекаралық қысқа байламдар бекитін терең жүлге жатыр. 
Өкше сүйек (calcaneus) – адамның яқ басындағы ең салмақты сүйек. Ол асық 
сүйектің астында және біршама сырттай орналасқан. Адамның өкше сүйегінің төменгі 
сатылы омыртқалылардан айырмашылығы – ол сирақ сүйектерімен тікелей 
қосылмайды. Адамда аяқ басының ең басты тірек нүктелерінің бірі болып саналатын 
өкше сүйегінің үлкен ауқымды артқы бөлігін - өкше төмпесі (tuber calcanei) деп атайды. 
Ал оның ішкі бетінде төменінде үлкен башпайдың ұзын бүккіші сіңірінің жүлгесі бар 
асық сүйек тірегі (sustentaculum tali) орналасқан. Өкше сүйектің үстінде асық сүйекпен 
қосылуға арналған, алдыңғы, ортаңғы және артқы буындық беттер байқалады. Осы 
жерде, жоғарыда аталған асықты сүйектің жүлгесімен бірігіп тілерсектік қойнау (sinus 
tarsi) түзетін терең жүлге орналасқан, ішіне сүйекаралық байлам бекиді. Сүйектің 
дисталды шетінде текше сүйекпен қосылатын буындық беті бар. 
Қайық тәрізді сүйек (os naviculare) – асық сүйек пен сына тәрізді сүйектер 
арасында орналасқан. Оның проксималды бетінде асық сүйектің басы үшін шұңқыр 
болса, дисталды бетінде үш сына тәрізді сүйектермен қосылатын үш бөлек буын 
беттерін көруге болады. Қайық тәрізді сүйектің ішкі бетінде асықты жіліктің артқы 
бұлшықеті бекитін бұдырмақ (tuberositas ossis navicularis) байқалады. Бұдырмақты, тері 
астынан оңай сипап табуға болады. Ол аяқ басының медиалды бойлық күмбезін 
анықтау үшін антропометриялық нүкте болып саналады. 
Сына тәрізді сүйектер (ossa cuneiformia) – саны үшеу (медиалды, аралық және 
латералды), тілерсек сүйектерінің дисталды қатарының медиалды бөлігінде орналасқан 
және пішіндеріне сәйкес аталады. Сына тәрізді сүйектер проксималды бетімен қайық 
тәрізді сүйекпен қосылса, дисталды беті І,ІІ,ІІІ табан сүйектерімен байланысады. 
Текше сүйек (os cuboideum) – тілерсектің дисталды қатарының латералды 
жағында орналасқан, ол латералды сына тәрізді, өкше және ІҮ-Ү табан сүйектерімен 


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет