Нуржігіт Алтынбеков
жоғарында бір-бірінен ажырап, латералды ернеу бөкселік бұдырмақпен (tuberositas
glutea), ал медиалды ернеу қырлы сызықпен (linea pectinea) аяқталады, төмендегі
айырығы жіліктің артқы бетінде тегіс үшбұрышты тақымдық алаңды (facies poplitea)
шектейді.
Ортан жіліктің төменгі шеті (дисталды эпифиз) осындай буын беттері бар асықты
жілікпен буындасатын медиалды және латералды айдаршықтардын (condulus medialis et
lateralis) түзілген. Әр айдаршықтың бүйір беттерінде, жоғарылау, бұдырлы медиалды
және латералды айдаршықүстілер (epicondulus medialis et lateralis) орналасқан.
Айдаршықтардың буын беттері алдыңғы жағынан бір-біріне ауысып, тізені бүккенде
тізе тобығымен (patella) жанасатын тізе тобықтық бетке (facies patellaris) айналады, ал
айдаршықтардың екі аралығын айдаршықаралық шұңқыр (fossa intercondularis) деп
атайды.
Тізе тобығы (patella) тізе буынының алдынан өтетін төртбасты сан бұлшықеті
сіңірінің арасында дамитын, жалпақ, қалың дән тәрізді сүйектерге жатады.
Оның жоғарғы кең шеті негізі (basis patellae) және төменгі сүйріленген ұшы (apex
patellae). Артқы бетінде ортан жіліктің тобықтық бетімен жанасатын (facies patellaeris)
тегіс буындық беті (facies articularis) бар, алдыңғы беті бұдырлы.
Сүйектенуі. Сүйектену нүктелері ортан жіліктің басында 1 жаста, үлкен ұршықта
(апофиз ) 3-4 жаста, кіші ұршықта 9-14 жаста пайда болады. Ортан жілікте сүйектену
толығымен 17-19 жаста аяқталады.
Тізе тобығында алғашқы сүйектену нүктесі 4-5 жаста айқындалады, толық
сүйектену 16-17 жаста аяқталады.
Асықты жілік (tibia) – денесі мен екі эпифизден тұрады. Денесі үшқырлы, оның
үш бетін: медиалды, латералды, артқы және оларды бөліп тұрған үш жиегін: алдыңғы,
медиалды, сүйекаралық - ажыратады. Асықты жілік тікелей терінің астында
орналасқан, сондықтан жиі жарақаттанатын ішкі беті мен алдыңғы жиегінен басқа
бөліктері бұлшықеттер астында жатады.
Асықты жіліктің алдыңғы жиегі жоғарғы эпифиз астында көлемі ауқымды
бұдырмаққа (tuberositas tibia) айналады. Ол тізе тобығы байламының бекитін орны.
Асықты жіліктің проксималды шеті жуандап, үстінде буындық беттері бар медиалды
және латералды айдаршықтарға (condulus medialis et lateralis) бөлінеді. Ол сәйкес ортан
жілік айдаршықтарымен буындасады. Буын беттері арасының алды мен артында
айдаршықаралық алаң (area), ал оның ортасына таман латералды және медиалды