Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет23/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
қалқандармен (spina iliaca anterior superior et inferior), ал артынан – артқы жоғарғы
артқы төменгі қылқандармен (spina iliaca posterior superior et inferior) тұйықталады. 
Артқы төменгі қалқанның астында шонданай сүйегінде шонданайдың үлкен 
тілігі (incisura ischiadica major) анықталады. Қанаттың ішкі бетінде мықын шұңқырынан 
төмен және артында құлақ тәрізді бет (facies auricularis) жатады, ал оның артында және 
жоғары сегізкөздің сәйкес түзілісімен қосылатын мықын бұдырмағы (tuberositas iliaca) 
орналасқан. 
Қасаға сүйек (os pubis) – ұршық ойысының алдыңғы бөлігі түзетін денесіне және 
бір-бірімен бұрыштасып қосылатын, үстінде латералды бағытта қырға жалғасатын 
қасаға төмпешігі (tuberculum pubicum), ал астында жапқыш жүлгесі бар жоғарғы және 
жапқыш тесікті тұйықтайтын төменгі тармақтарын ажыратады. Қасаға және мықын 
сүйектері денелерінің бітіскен орнында мықын-қасаға томпағы (emenentia iliopubica) 
түзіледі. Қасаға сүйек медиалды жағынан симфиздік беті арқылы қарама-қарсы аттас 
сүйекпен қосылады. 
Шонданай сүйек (os ischii) – ұршық ойысының басты бөлігін құрайтын денесінен 
және алдынан қасаға сүйекпен қосылатын тармағынан тұрады. Шонданай сүйектің 
артқы жиегінен жоғарғы үлкен шонданай тілігін (incisura ischiadica major) төменгі кіші 
шонданай тілігінен (incisura ischiadica minor) бөліп тұрған шонданай қылқанын (spina 
ischiadica) көруге болады. Шонданай сүйек тармағының артқы төменгі бөлігінде 
бұдырмалы жуан шонданай төмпесі (tuber ischiadicum) орналасады. 
Ортан жілік (femor) түтікті сүйектердің ең жуаны және үлкені. Ортан жіліктің екі 
шетін (эпифиз) және денесін ажыратады. Проксималды шеті ортасына таман ортан 
жілік басы байламы бекитін кішкене шұңқыршасы бар (fovea capitis femoris) дөңгелек 
жұмырланған басымен (caput femoris) аяқталады. Жілік басы сүйектің қалған бөлігінен 
мойны (collum femoris) арқылы қосылады. Мойынның ортан жіліктің денесіне 
ауысатын жерінде ұршық (апофиз) деп аталатын төмпелерді көруге болады. Үлкен 
ұршық (trochanter major) ортан жіліктің жоғарыда аяқталған жері, ал мойынның төменгі 
жиегінің медиалды жағынан шамалап артқа қарай бұрылған кіші ұршық (trochanter 
minor) анықталады. Үлкен ұршықтың мойынға қараған медиалды бетінде бұлшықеттер 
мен байламдар бекитін ұршықтық шұңқыр (fossa trochanterica) орналасқан. Ортан 
жіліктің денесі алға қарай шамалы иілген дұрыс емес цилиндр тәрізді. Дененің артқы 
бетінде екі сызықша леатералды және медиалды ернеуден (labium laterale et mediale) 
тұратын, сан бұлшықеттері бекитін бұдырлы сызық (linea aspera) орналасқан. Ол 


26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет