Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет21/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
дөңестелген буын бетін түзеді. Бұршақ тәрізді сүйек оны түзуге қатыспайды. Ол 
білезікті бүгуші шынтақтық бұлшықет сіңірінде дамығандықтан дән тәрізді сүйектер 
тобына жатқызылады. Білезіктің дисталды қатарына төмендегі сүйектер жатады: 
трапеция (os trapesium), трапеция тәрізді (os trapezoideum), басты (os capitatum), ілмекті 
сүйек (os hamatum). Сүйектердің аттары олардың пішіндерін білдіреді. Әр сүйектік 
беттерінде көрші сүйектермен қосылатын буын беттері болады. Сонымен қатар, 
білезіктің кейбір сүйектерінің алақан беттерінде бұлшықеттер мен байламдар бекитін 
анатомиялық түзілстер орналасады. Атап айтқанда: қайық тәрізді және трапеция 
сүйектерінде төмпешіктер, ал ілмек тәрізді сүйекте ілмек (hamulus), қайық тәрізді және 
трапеция сүйектерінің төмпешіктерінен білезіктің кәрі жілік жағынан білезік-кәрі 
жіліктік томпақ, ал ілмек сүйектің ілмегі мен бұршақ тәрізді сүйектер шынтақ жілік 
жағынан білезік-шынтақ жіліктік томпақ түзеді. Осы екі томпақтың арасындағы 
шұңқырды білезіктік жүлге деп атайды. 
Алақан сүйектері (ossa metacarpi) – бес алақан сүйегінен түзіледі. Түрі жағынан 
қысқа түтік сүйектерге жатады. Әр алақан сүйегінің негізін (basis), денесін (corpus) 
және басын (caput) ажыратады. І алақан сүйегінде трапеция сүйекпен қосылатын 
ертоқым тәрізді буын беті болады, ал Ү алақан сүйегі негізінің латералды жиегінде 
төмпешік бар. Бастарының бүйір беттерінде байламдар бекитін бұдырлы шұңқыршалар 
көрінеді. Алақан сүйектерінің ішіндегі ең қысқасы және жуаны - бас бармақтың алақан 
сүйегі, ал ең ұзыны – ІІ алақан сүйегі, әрі қарай ретімен ІІІ,ІҮ және Ү сүйектер. 
Саусақ сүйектері (ossa digitorum manus) – қысқа қуыс сүйектерге жатады. Әр 
саусақ үш бунақтан (phalanx) тұрады: проксималды, ортаңғы, дисталды; тек бас бармақ 
қана прокисмалды және дисталды бунақтардан түзілген. 
Проксималды бунақтың негізінде алақан сүйектерінің басымен қосылуға 
бейімделген бір буын шұңқыршасын, ал ортаңғы және дисталды бунақтарда қырлар 
арқылы бөлінген екі буын шұңқыршаларын байқауға болады. Олар шығыршық тәрізді 
сәйкес проксималды және дистаалды бунақтардың бастарымен буындасуға арналған. 
Бунақтардың ұштары алдан артқа қысыңқы, әрі кедір-бұдырлы (tuberositas phalanx 
distalis). Қол басының алақан-бунақ және бунақаралық буындары аймағында сіңірлер 
бекитін орындарда дән тәрізді сүйектер жатады. 
Сүйектенуі. 
Қол басы сүйектері рентгендік зерттеу үшін ең қолайлы объект. 
Білезік сүйектерінің сүйектену нүктелері: үшқырлы – 3 жаста, ай тәрізді – 4 жаста, 
қайық тәрізді – 5 жаста, трапеция және трапеция тәрізді сүйектер сәйкесінше – 5-6 


24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет