Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет218/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
қарыншаны

ventriculus terminalis
, түзеді. Өзек нерв түтігінің қалдығы болып табылады
оны 
ми-жұлын сұйықтығы 
толтырып тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр 
заттың пішіні көбелекке немесе «H» әрпіне ұқсас болып келеді. Сұр заттың 
алдыңғы 
мүйізін

cornu anterius 
, және 
артқы мүйізін

cornu posterius
, ажыратады. Олардың 
арасында 
орталық аралық 
және 
бүйір аралық заттар 
орналасқан. 
Орталық аралық зат 

substantia intermedia centralis
, орталық өзекті қоршап жатады. 
Латералды аралық зат

substantia intermedia lateralis 
, орталық аралық заттың жалғасы болып табылады да, 
жұлынның С
VIII
-L
II-III
сегменттерінде бүйірлік дөңесті- 
латералды мүйізді

cornu laterale, 
құрайды (латералды бағананың көлденең кесіндісі).
Substantia intermedia lateralis 
– 
вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталағы болып табылады. 
Артқы мүйізде ендірме нейрондар орналасқан, олар ядролар құрап, сезімталдықтың 
әр түрлерін қабылдайды.Артқы мүйізде 
меншікті ядроны

nucleus proprius

кеуделік 
ядроны

nucleus thoracicus,(
Кларк-Штиллинг ядросы ) 
сілікпе тәрізді затты
,
substantia 
gelatinosa 
және басқа да ядроларды ажыратады. Оларда жұлын түйінінде орналасқан 
сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) келіп аяқталады. Орталық 
өсінділер жұлынға артқы түбіршіктер арқылы енеді. 
Жұлынның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш нейрондар орналасқан.Олар бес: 
латералды-алдыңғы,латералды-артқы, медиалды-алдыңғы, медиалды-артқы және орталық 
ядроларды түзеді.Бұл нейрондардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбіршіктің 
құрамында шығып, жұлын нервісін түзуге қатысады. 
Жұлынның 
ақ заты
,
substantia alba
, сұр затты қоршай орналасып, оң және сол 
жақтарында үш жіпшеге бөлінеді. 
Алдыңғы жіпше

funiculus anterior
, алдыңғы орталық 
саңылау мен алдыңғы түбіршіктің аралығында; 
бүйір жіпше

funiculus lateralis
, алдыңғы 
және артқы түбіршіктердің аралығында; ал 
артқы жіпше

funiculus posterior
, артқы 
орталық жүлге мен артқы түбіршіктердің аралығында орналасқан. Жіпшелер нерв 
талшықтарының будаларынан түзілген. Будалардың үш түрі ажыратылады: 
1.
Ассоциативтік будалар, 
артқы мүйізде орналасқан ендірме нейрондарды өз 
сегментіндегі сонымен қатар жоғары және төмен орналасқан 6-7 сегменттердің 
алдыңғы мүйіздерінде орналасқан қозғалтқыш нейрондармен қосады.Олар сұр 
затты қоршай орналасқан ақ заттың жіңішке қабатын- 
меншікті будаларды

fasiculi 
proprii
,түзеді. 
2.
Жоғарылаған (сезімтал) өткізгіш жолдар, 
нервтік импульсты миға жеткізеді. 


259 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет