Нуржігіт Алтынбеков
түрінде I-II бел омыртқалары деңгейінде аяқталады. Милық конус жіңішке
соңғы жіпке,
filum terminale
, жалғасады, ол II құйымшақ омыртқаның артқы бетіне бекиді. Жұлынның
жуандаған
мойындық буылтығы
,
intumescentia cervicalis
және
бел – сегізкөздік
буылтығы
,
intumescentia lumbosacralis,
бар, олардан қол және аяқ нервтеледі, сондықтан
аталған буылтықтарда нейрондар көп орналасқан,.Жұлынның алдыңғы бетінде
алдыңғы
орталық саңылау
,
fissura mediana anterior
, артқы бетінде
артқы орталық жүлге
,
sulcus
medianus posterior
,орналасқан, олар жұлынды симметриялық екі бөлікке бөледі.
Жұлынның әрбір жартысында
алдыңғы латералды жүлге
,
sulcus anterolateralis және
артқы латералды жүлге
,
sulcus posterolateralis,
өтеді. Артқы латералды жүлгеге
артқы
түбіршік, radix posterior
(сезімтал), енеді. Бұл түбіршіктің алдыңғы түбіршікпен
қосылатын жерінде
жұлын түйіні
,
ganglion spinale,
орналасқан, ол жалған бір өсінділі
(жалған униполярлы)
сезімтал
нейрондардан түзілген. Осы нейрондардың орталық
өсінділері (аксондары) артқы түбіршікті құрайды. Алдыңғы латералды жүлгеден
алдыңғы
түбіршік
,
radix anterior
(қозғалтқыш), шығады. Бұл тү
б
іршік жұлынның алдыңғы
мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген. Алдыңғы және
артқы түбіршіктер жұлынның бүйір жақтарында омыртқааралық тесіктің медиалды
жиегінде бір-бірімен қосылып - жұлын нервісін,
nervus spinalis
,түзеді. Жұлыннан 31 жұп
жұлын нервтері шығады.
Жұлынның бір жұп жұлын нервтеріне сәйкес келетін бөлігі( кесіндісі )
жұлынның
сегменті,
деп аталады. Жұлында: 8 мойындық( С 1-8), 12 кеуделік (Th1 - Th12 ), 5
белдік(L1- L5), 5 сегізкөздік (S1 - S5 ) және 1 құйымшақты
қ
(Co1), барлығы 31сегмент
бар. Жұлынның әрбір сегменті дененің белгілі бір бөлігін(метамерін) нервтендіреді.
Метамердің құрамына бір дерматом мен миотомнан дамыған терінің бөлігі және қаңқа
бұлшықеттері енеді.
Жұлын ішкі жағында орналасқан
сұр заттан
,
substantia gris
, және сыртқы жағында
орналасқан
ақ заттан
,
substantia alba
, түзілген. Сұр зат негізінен нейрондардың
денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген.
Сұр зат
,
substantia grisea
, жұлынның оң және сол жартыларында, бір-бірімен
аралық сұр затпен
қосылған
алдыңғы
және
артқы бағаналарды
,
columna anterior et
columna posterior
, құрайды. Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен II- III белдік
сегменттер аралығында бүйірлік дөңесті-
латералды бағананы
,
columna lateralis
,түзеді.
Жұлынның ортасында
орталық өзек
,
canalis centralis,
орналасқан. Өзектің жоғарғы шеті
IV қарыншамен қатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіп
соңғы
258
Достарыңызбен бөлісу: |