№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет10/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
10 
2. Түрленген туынды мағына: дөнен-дөнежін, көл-көлшік, бала-балапан, 
кейде модификацияланған мағына деп аталады. 
3. Көшірілген туынды мағына: синкретті зат есім-етістік. М.: қатар-ряд, 
қатар-рядом, құн, ақ, қара. 
4. Теңбе-тең туынды мағына: ТМД, БҰҰ, АҚШ. 
Сөзжасамның мағына негізділігі басқа тілдік құбылыстар, мысалы, 
сөзформалар, үшін қажет емес, онда жаңа лексикалық мағына жоқ. Мотивация 
– сөзжасамдық негіздеменің лингвистикалық теориясы. Мотивация 
заңдылығы – түп негіз мағынасының (А. Салқынбай этимон түбірді 
қолданады) жіктелуі нәтижесінде тектес, тамырлас, түбірлес туынды сөздер 
жасау процесі. Мотивация – қандай да болмасын туынды сөз мағынасының 
негіз семадан жіктелу ретін көрсетеді. Негіздеме нәтижесінде кез келген 
кездейсоқ ұғым жасала бермейді. Мысалы, қой-қойшы-қойшылық-қойша, 
қойдай т.б. Осыдан келіп негіз сөз бен негізді сөз деген ұғымды ажыратып 
алайық. Негіз деп туынды сөз жасауға қатысқан лексикалық мағыналы сөз 
мұндағы: негізгі шарт – лексикалық мағынаның болуы. М.: бол+мыс, болмыс, 
қала+лық, қалалық, көркемөнер+паз, қырықбуындық. 
Демек, сөзжасамдық талдауға негіз сөз түрлі түбірден бола береді. Ал 
морфологиялық талдауда мақсат сөздің морфемдік құрамын анықтау. М.: 
бас+па+сөз, көрік+ем+өнер. Сөзжасамдық талдауда олардың әр сыңары дайын 
сөздер: баспа-сөз. Сөзжасамдық талдауда негізділік қатыстағы екі сөздің бірі 
негіз (себепті негіз А. Салқынбай) екіншісі негізді сөз. Сипаты:
1) негіздінің морфемдік құрамы күрделі: бой-шаң; 
2) мағыналық құрылымы да күрделі: ой-шыл. 
Тілдегі уәждеме табиғаты туралы алғаш сөз еткен неміс ғалымы 
Вильгельм фон Гумбольдт еді. Тіл бір мезгілде әрі бейне, әрі таңба, ал сөз жеке 
ұғымның таңбасы ғана бола алады деген пікір айтқан. Сөз мағынасы мен 
дыбысталуы арасындағы байланысқа не себеп, не негіз болады деген мәселеге 
тоқталған (Ф. Соссюрді де айтуға болады). Сөздің дыбыстық тұрпаты атауыш 
мағынаны, заттың сапалық қасиетін т.б. мәнді толық анықтай алмайды. 
Уәжділік мәселесі тек сөзжасамға қатысты деген ой тумауы керек. Тіл 
білімінде уәждеме ұғымының аясы кең. Уәждеме – туынды атауларды 
қалыптастыру, затқа тән белгіні таңдау және оны аталым ретінде бекіту үрдісі. 
Қазақ тіл білімінде семасиологиядағы, фонетикадағы, морфологиядағы 
уәжділік туралы Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, К. Құсайынов, З. Базарбаева 
еңбектерінде 
айтылып 
жүр. 
Сондықтан 
фонетикалық 
мотивация, 
семантикалық мотивация, морфологиялық мотивация терминдері бар. 
Мысалы, К. Құсайынов дыбысбейнелеуіштік мотивация, дыбыселіктеуіштік 
мотивацияны ажыратады. Сөзжасамға қатысты А. Салқынбай, Б. Қасым 
еңбектерінде сөз қозғалады. Демек, уәжділік тіл деңгейлерінің бәріне қатысты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет