Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
6
Көркем әдебиет тілінің айналымына түсу үшін қысқарған сөздер стильдік
бейімделуден өтуге тиіс. Ал олардың стильдік бейімделуінің негізгі өрісі, негізгі
тірегі - қоғамдық - саяси әдебиетте қолданылу жиілігінің жоғары болуы, сол
арқылы ауызекі сөйлеу тілінің қалыбына түсу.
Міне, осындай жазу, сөйлеу дағдырысына түскен қысқарған сөздердің
көркем әдебиетте қолданылу мүмкіндігі бар. Ал көркем әдебиеттің стильдік
мақсатына сәйкес келмейтін тар аядағы ғылыми - ресми реңкі бар қысқарған
сөздердің қолданылуы көркем әдебиеттің жанрлық ерекшеліктеріне нұқсан
келтіреді.
Қазіргі қысқартулардың баршасы күнделікті баспасөз тілінде жасалынып,
сол арқылы таратылады. Әсіресе, күрделі атаулардың қысқартылған қазақша
баламаларын жасауда мерзімді баспасөздің қызметі өте үлкен.
Қазіргі мерзімді баспасөз тілі - буындық қысқартулардың жаңа үлгілерін
жасап, қалыптастыруда белсенділік танытып отыр. Мәселен, 1990 жылға дейін
қазақ әдеби тілінде норма ретінде бағаланып келген колхоз, совхоз
терминдерінің соңғы төрт-бес жылда қазақша баламалары қалыптастырылған
өзге де стильдер өрісіне таралуына себепші болған негіз күнделікті газет-
журналдардың тілі.
Сонымен қатар қысқарған сөздер ғылыми ойды тұжырымды жеткізуге,
нақты көзқарасты ғылыми түйіндеуде жұмсау аса тиімді.
Қысқарған сөздер - әдеби тілде ең қажетті тілдік элементтердің бірі. Ол
ғылыми әдебиеттерде орын үнемдеу арқылы пікір тұжырымды мол қамтуға,
айтылатын ойды шұбалаңқы емес, тиянақты болуына көмектеседі.
Сөзжасамның үшінші тәсілі-лексика-семантикалық тәсіл. Жоғарыда
қарастырған екі тәсілден мүлдем басқаша. Өнімді тәсіл деп есептелмесе де көне
тәсілдің бірі деп есептеледі. Ондай пікірді көптеген ғаламдар айтады. Алайда,
сөз мағынасының дамуы арқылы жаңа туынды лексикалық мағынаның жасалу
тұрғысынан бұл тәсілдің зерделену, сипатталу жайы тым мардымсыз. Бұл
мәселе бірнеше түйінді сұрақтарды біріктіреді. Мысалы, ол көп мағыналық,
синкретизм, омонимия мәселелеріне қатысты. Зерттеушілер бұл тәсілді
семантикалық, конверсиялық тәсіл деп те аталады. Демек, сөздің ешбір
тұлғалық өзгеріске түспей-ақ мағыналық даму нәтижесінде екінші туынды
мағына беруін конверсия ұғымымен байланыстырады. «Конверсия
ағылшынның «Conwression» сөзі «Образования нового слова путем перевода
данной основы в другую парадигму словоизменения» (О.Ахманова Словарь
лингв-х терминов )
А. Салқынбай (187) омонимнің сөзжасамға ешбір қатысы жоқ. Омонимдік
құбылыс арқылы жаңа сөз жасалмайды. Омонимдік қатынаста сөзжасам
негізділігі принципі сақталмайды деп қарайды. Сөзжасамға қатысы бар
мағыналар синонимдік, антонимдік, көпмағыналық. Омоним дегеніміз -
|