Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
5
арқылы жасалған сөздер көп. Кейбір тілдерде, мысалы, неміс, ағылшын, орыс
тілдерінде номинациялық қызмет дәрежесіне жеткен тіркесті зат есім күрделі
сөз бірге жазылады. Мысалы: Hausarbeit, бензоколонка т.б. Мұнда тұтастық
(цельнооформленность) ролі үлкен. Ал қазақ тілінде тіркесім жолымен пайда
болған күрделі сөздердің жазылуының теориялық негіздері жасаласа да, жазуда
бірізділік жоқ. Аналитикалық тәсілдің сөзбірігім, сөзқосылым жолы арқылы
жасалған жаңа туынды сөздердің қатары өте көп және сөзжасамдағы орны
бөлек. Әсіресе, біріккен сөздердің сыңарлары этимологиялық, морфологиялық
тұрғыдан көп сипатталды. Ал лексикалық бірлік ретіндегі белгі айтылды.
Сөзжасам тұрғысынан бұл фактілер біраз талдауға түсті. Бірақ бірігу тәсілімен
жасалған жаңа туындылар сыңарларының түрлілігі сөзжасамдағы синтетикалық
тәсіл қалыбымен талдауға көнбейді. Біртұтас сөз ретінде түрленеді деген
морфологиялық сипат, ал сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық
тізбек, тарамға қатысты мәселесі әліде анық емес.
Көркем әдебиет тіліндегі қысқартылымдар
Қысқарған сөздердің қазақ әдеби тіліне кең тарала бастаған, қай стильде де
қолдануға, елгезек тілдік единица екендігін көркем әдебиет тілінде жұмсалу
көрінісі дәлелдейді.
Қысқарған сөздердің көркем әдебиетте жұмсалу мүмкіндігі анағұрлым тар.
Соның өзінде проза, поэзия үлгілерінде жалпыхалықтық тіл нұсқаларымен
қатар тұрып, қолданысқа түсе алатын қысқарымдар бар. Олар, ең алдымен,
архизм қысқарымдар және кең қолданыстағы қысқарымдар.
Тарихи көздер тобына қосылатын қысқарған сөздер - волком, губсот,
губком, ликбез және тағы басқалар. Мұндай қысқарған сөздердің қатарына
1980-ші жылдардың аяғына дейін қолданылып келген СОКП, райком, парторг,
комсомол тағы басқа қысқарған сөздерді жатқызуға болады. Бұлар тарихи
тақырыпқа жазылған шығармаларда қолданылады.
Көркем әдебиетте жұмсалуға мүмкіндігі бар қысқарған сөздердің тағы бір
түрі кең қолданысқа түскен әріптік немесе буындық қысқартулар.
Бұл топқа ауызекі сөйлеу тілінде айтылатын, көпшілікке кең танымал
ҚазМУ, Иняз, СХИ, филфак, мединститут, рабочком, закс сияқты қысқарымдар
жатады. Бұндай үлгілер көркем әдебиетте кейіпкер тілінде, диалог үлгілерінде
қолданылады. Мысалы: Егер ЖенПИ-дің, Иняздың немесе қызы мол мекен
жайлардың төңірегінде көзге шалынып қалсам, қайтып мединституттың жанын
көрмеймін. Өзі шыттай киінген АЗТМ-да істеймін деген соң... сөйтсе...
университтетің филфагіне ме, физматына ма қатарына үш жыл тапсырып түсе
алмаған сабаз болып шықты [6:22].
Мұндай қысқартулар поэзияда да кездеседі. Мысалы: Белгісіз туған
күніміз, ЗАГС жоқ қазақ жерінде. Жиырма екінші жылы біз, келіппіз осы өмірге.
|