№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет14/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
14 
болғандықтан, олардың синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туындылары 
түбірлес сөздер болып саналады. М:
А) бас, басшы, бастық, баспа, баспалдақ, бассыз, басқар, баста, бастат, 
бастаған, басқарған: 
Ә) айт, айттыр, айтқыз, айтыс, айтақ, айттырғыз, айтыстыр, айтақта, 
айтыстырғыз: 
Әр топтағы түбірлес сөздердің басқа ұяға қатысы болмайды. Әр ұяның 
құрамы да түбірлес сөздері де басқа-басқа. 
Түбірлес сөздер – бір негізді түбірден өрбіген түбірлес туынды сөздердің 
жиынтығы. 
Түбірлес сөздердің белгісі олардың бәрінің құрамында оларға негіз 
болған ұяның түп негіз сөзі болуға тиісті. Ұяның түп негіз сөзі ұядағы түбірлес 
сөздердің барлығының құрамында болуға керек. Бас, айт сөздері – ұя жасаушы 
сөздер. 
Сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлер – лексикалық бірліктер. Олар 
негізгі түбір қалай туынды түбірдің жасалуына лексикалық бірлік ретінде негіз 
болса, туынды түбірлер де лексикалық бірлік құқында басқа туынды сөздің 
жасалуына негіз бола алады. 
Сөзжасамдық ұядағы түбірлес туынды түбір сөздердің морфемдік 
құрамы әр түрлі болады. М: бас сөзін алайық. Ауыспалы мағынаға дейін 13 
түрлі мағынасы түсіндірілген. 
Бас деген түбірден: бас-қар, бас-қы, бас-сыз, бас-та, бас-тық, бас-шы 
деген 7 буынды түбір жасалып тұр. 
1.
Бас-қы сөзінен басқалары әрі қарай түбірлес туынды 
түбірлерге өрбиді. 
2.
Бас-қар, бас-та – сабақты етістіктер. Егер –ма жұрнағын 
қоссақ, басқарма (управление), бастама (начинание) деген туынды 
түбірлер шығады. 
Бас деген зат есімді етістікке айналдырған –қар және –та жұрнақтары 
деривациялықтың ішінде қандай конверсиялық қызмет атқарса, ол туынды 
түбір етістіктерден зат есім тудырған –ма жұрнағы тап сол сияқты қызмет 
атқарады. 
+қар: басқар, басқару, басқарма 
+қы: басқы 
+сыз бассыз, бассыздық 
+та: баста, бастал, бастау, бастат, бастама, бастап 
+ты: басты 
+тық: бастықбай, бастықшыл, бастықшылдық 
+шы: басшылық, басшылықсыз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет