№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет22/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
22 
Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық тарам ұғымына зерттеушілер бір 
лексикалық тұлғадан, сөзжасам термині бойынша бір түп негізден бірінші 
сатыда тараған туынды сөздер тобын жатқызып жүр. Кейде оны сөзжасам 
пардигмасы да деген үғымға әкеледі. Парадигма - грек сөзі, пример, образец, 
үлгі деген түсінікті білдіреді. Тарам, парадигманың үш түрлі мағынасы 
танылады. 
1) Кең түрде, кең түсінікте: лингвистикалық бірліктердің бір-біріне қарама-
қарсылықтағы сондай-ақ ортақ жалпы белгілерімен біріктіруге көнетін кез-
келген тобы, класы. Немесе тарамдық қатыстағы тілдік бірліктер жинағы. М: 
С.Исаев еңбектеріндегі грамматикалық категория, септік категориясы, жақ 
категориялардың түсінігі. 
2) Бір топ, класс жиынтығының модельдік, сызбалық көрінісі. 
3) Тармағындағы лексикалық морфологиялық синтаксистік сөзжасамдық 
(Е. А.Земская М.М.). 
Сөзжасамда І-сөзжасамдық сатыдағы 
1-сөзжасамдық, жұптың мүшелері болған туындылар бір тарамға енеді. 
Демек, бір деривациялық сатыдағы түбірлес сөздер деп те танылады. 
Тарамның тұрақты бөлшегі, элементі - уәждеме сөз, ауыспалы бөлшегі уәжділі 
сөз. 
Сөзжасамдық тарам құрамындағы туынды түбірлер бір ғана негізден тік 
қатардағы бір сатыда жасалуы шарт. Мысалы: бас -басшы Мұндай тарам жиі 
кездеседі. 
- басқар 
- баспақ 
- бассыз 
- басты 
- бастас 
- бастық 
- басыл 
Сөзжасамдық тарам белгілері: 
1) жұрнақ арқылы жасалады; 2) сөз табы жағынан тарамға енетін 
туындылар біркелкі емес; 3) бірінші сатыдағы сөздерден жасалады, кейде түрлі 
сатыдағы сөздерден жасала береді. 
Мысалы өp сөзінен, түп негізден 24 туынды жасалады екен, онда 5 
тарам бар, бұлар түрлі сатыдағы тарамдар: 
өр - өрбі өр - өріссіз өр - өрістел 
өргіз - өрісті - өрістеп 
өрдір - өрісте - өрістет 
өріс - өртешіл 
-
өрістес 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет