№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет30/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
30 
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, Ә.Ибатов, Ғ.Қалиев, К.Бейсенбаева, 
З.Бейсенбаева, Қ.Шаяхметов, Б.Қасым, Н.Қоқышева, т.б. ғалымдар мен 
зерттеушілер атын атауға болады. Сондай-ақ орыс-қазақ тілдерінің 
салғастырмалы-типологиялық материалдары да бар (З.Өмірзақова). 
Әр кезеңдегі зерттеулер тіл білімі дамуының көрсеткіші. Сондықтан 
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен бастап туынды зат есімнің жасалу 
жолдары үнемі назарда болғанын көреміз. Бірақ таза сөзжасам теориясының 
көріністері соңғы жылғы зерттеулерден ғана көрініс табады. 
Соңғы кезде туынды зат есім жасаушы аффикстер қызметін көпқызметтік, 
семантикалық-сөзжасамдық өріс тұрғысынан, сөзжасамдық негізділік 
тұрғысынан жаңа бағытта зерттеген жұмыстар да бар. Мысалы, 1973 ж. 
К.Шаяхметовтың екі қызметті аффикстерге арналған кандидаттық 
диссертациясы, З.Өмірзақованың кәсіптік мамандықты білдіретін -шы, -ші, -
гер, қосымшалардың сөзжасамдық аясы, Н.Қоқышеваның дене мүше 
атауларының сөзжасамдық мүмкіндігіне қатысты сөзжасамдық сатылардың 
жасалуы арқылы жұрнақ қызметінің, сөзжасам тәсілдерінің қорын көрсететін 
еңбектері. 
Заттың түрлі сапа, белгісі, түр, түсі, өлшемі тағы сол сияқты белгілерді 
білдіруде тілде негізгі түбір яғни сапа сындарымен бірге сөзжасам тәсілдері 
арқылы жасалған туынды сын есімдер де жұмсалады. Мысалы, көрікті, үркек, 
қорқақ, қызғаншақ, үштік баға т.б. сөздердің үлгісімен жасалғандығын 
көреміз, ал қызғаншақ сын есімі үлгісі көрінеді. Демек, туынды сын есім 
негізгі және туынды түбірлерден де жасалады. 
Сан есімнің сөзжасам жүйесінің басқа сөз таптарынан ерекшелігі бар. Сан есім 
басқа сөз табынан жасалмайды, сан есім сөзжасамы өз ішінен шықпайды. Көне 
заманнан келе жатқан сандық атаулар. Олардың толығу арнасы жоқ (тек екі, 
үш сөз). Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде сан есімнің сөзжасамы белгілі 
дәрежеде қалыптасқан ондықтар екі атаумен екон – жиырма, төртон – қырық. 
Бізде қазір 1- ғана сақталған. 
Есімдіктерді зерттеген ғалым А. Ибатов еңбегінде мынау, анау сілтеу 
есімдіктері мынау, анау сілтеу есімдіктері мын-а, ан-а сілтеу есімдіктері мен 
бу/ву сілтеу есімдіктерінің бірігуінен жасалған дейді. Бұл пікірді М. Томанов 
та жақтайды. Демек, мұнда жұрнақ я сөз деген пікір ашық қалып отыр.
Профессор А. Ысқақов бұл есімдіктер -у элементі арқылы жасалған дейді. 
Профессор Қ. Есенов (монографиядағы есімдік сөзжасамының авторы) -ау 
құранды жұрнақ, себебі сөздің ана, мына варианты кеңінен қолданылады, 
осынау, осынша, дегендегі -нау, осыншама, осынысы дегендегі -н элементінің 
қолданысы осыны көрсетеді дейді. Ал сан есімнен ауысқан біреу есімдігінде -
еу жұрнақ дейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет