Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
31
Қазіргі қазақ тіліндегі туынды үстеулер қатарын танудың өзіндік
қиындықтары да жоқ емес. Туынды үстеу жасауға сөзжасам тәсілдерінің
дәстүрлі үш түрі де қатысады. Алайда олардың қызметінің өзәндәк
ерекшеліктері де бар. Үстеу сөзжасамын зерттеушілер синтетикалық тәсіл
арқылы жасалған туынды үстеулердегі сөзжасамдық мағына мен
грамматикалық мағынаның аражігін айыруда пікір бірізділігіне ие емес.
Мысалы: қысқы күн, қыстың күні, жоғарырақ, зорға, босқа, текке т.б.
Етістік құрамы тілдегі сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған туынды
етістіктермен толығып отырады. Қазақ тілінде етістік сөзжасамы ең құнарлы
болып есептеледі. Сөз таптарының ішінен зат есім мен етістік сөз табына
қатысты сөзжасам тәсілдері жайлы айтылған пікірлер, зерттеулер жеткілікті.
Туынды етістік жасауға сөзжасам тәсілдерінің бәрі дерлік қатысады, ал
белсенділік дәрежесі әр түрлі. Атап айту керек, қазіргі кезде сөзжасам
теориясына қатысты жасалған зерттеулер мен туынды етістікті морфология
тұрғысынан қарастырған зерттеу еңбектерінің ерекшеліктері бар.
Зерттеушілер Ә.Қайдар, А.Ысқақов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, Б.Қасым т.б.
еңбектерінде етістік сөзжасамына қатысты мәселелер қамтылған. Лексика-
семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды етістіктер туралы зерттеулер аз,
бірлі-жарым мәліметтер ғана.
Тұжырымдар:
Сөз таптары сөзжасамы бірдей емес. Әсіресе зат есім, сын есім, етістік
сөзжасамы басқа сөз таптарына қарағанда ауқымды. Мұнда сөзжасам
тәсілдерінің бар түрі орын алады. Ал одағай, еліктеуіш сөзжасамы мардымсыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөз таптары сөзжасамының құнарлылығы, мәселенің зерттелу жайы.
2. Синтетикалық сөзжасам тәсілдерінің қызметі:
а) синтетикалық сөзжасам үлгісі, ондағы бірліктердің сипаты.
ә) түбірдің әр жақты көрінісі (өлі, туынды; дара, күрделі).
3. Аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туынды сөз таптары .
4. Лексика-семантикалық сөзжасам тәсілінің қатысы туралы.
Достарыңызбен бөлісу: |