Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
34
«сөздердің түрлену жүйесінен, парадигмадан орын алады», «парадигмада
оппозиция болады» десе, Ә. Төлеуов, Н. Сауранбаев, Ж. Балтабаевалар
«қосымша сөзге бірде жалғанып, бірде жалғанбай қолданылады, бірақ
жалғанбаса да мағына білдіреді» деген тұжырым жасайды [6, 13]. Бұған
алдыңғы ғалымдар да қосылады.
Нөлдік форма сырттай түбір тұлғамен ұқсас болғанымен, сөз түбірінің
барлығын грамматикалық нөлдік форма деп қарауға болмайды.
Грамматикалық форма сөйлеу процесінде сөздерді өзара байланыстырып, әр
түрлі грамматикалық мағына үстейді.
Грамматикалық категория – грамматикалық мағына мен грамматикалық
форма жүйесінің жиынтығы. Тіл ғылымында грамматикалық категория
ұғымының мәні мен түрлеріне қатысты айқындауды қажет ететін мәселелер
аз емес [3, 188].
Грамматикалық категория әрі өзара тектес, мәндес, ыңғайлас, әрі бір-біріне
қарама-қайшы мәндегі бірнеше грамматикалық мағынада тұрып, белгілі бір
грамматикалық топтағы сөздердің түрлену жүйесі ретінде ерекшеленеді.
Бұдан грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы бірдей еместігі,
атап айтқанда парадигмалық тұлғамен түрленетін сөз таптарына ғана (зат есім,
сапалық сын есім, етістік) тән екендігі көрінеді.
Тілдік деңгейге қатысты грамматикалық категориялар шартты түрде
морфологиялық және синтаксистік категория, морфологиялық сипаты
жағынан лексика-грамматикалық және таза граммматикалық болып бөлінеді
[3, 436], (Қазақ тілі грамматикасы, Астана, 2002).
Жалпы тіл ғылымында грамматикалық категориялардың бірнеше түрлері
көрсетіледі. Бірақ әрбір тілде олардың қолданысы әр түрлі. Бұл қазақ тілінің
морфологиялық жүйесіне де тән.
Тұжырымдар:
1. Грамматикалық мағына сөйлеу үдерісінде лексикалық мағынаның
жалпылануынан, арнайы грамматикалық формалар арқылы немесе сөздің
басқа сөздермен тіркесуінен туындайды.
2. Грамматикалық форма – грамматикалық мағына жасаушы тілдік
құралдардың бірі.
3. Грамматикалық категория сөздердің белгілі грамматикалық топтарының
грамматикалық ерекше сипаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |