№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет38/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
38 
Сондай-ақ негізгі сөздерге үстейтін қосымша мағыналарына қарай көлемдік 
және мезгілдік қатынастарды білдіретіндігін де атап өтеді. 
Н. Оралбай «көмекші есім септік жалғауын тіркестіретін саты, жалғастырушы 
қызметін атқарады» [4, 116] дей келе, көмекші есімдерді септік 
категориясының бір көрсеткіші ретінде қарастырады. 
Сан жағынан аздығына қарамастан, көмекші есімдердің қолданылу өрісі кең. 
Соған орай олар тілімізде зат есімдермен тіркесіп немесе дербес түрде ерекше 
қызмет атқарады. Семантикалық сипаты мен грамматикалық қолданысындағы 
осындай белгілері көмекші есімдер жалпы көмекші сөзден, оның ішінде 
шылаулардан ерекшеленеді. 
Тұжырымдар 
1. Зат есімдер мағыналық және құрылымдық жағынан ерекшеленеді. 
2. Зат есімдердің грамматикалық категориялары – оның түрлену жүйесінің 
негізі. 
3. Көмекші есімдер – зат есімдердің септік категориясының ерекше бір түрі. 
Бақылау сұрақтары: 
1.Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты 
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқау 
Зат 
есімдердің 
лексика-грамматикалық 
сипаты, 
грамматикалық 
категориялары, түрленуі және көмекші есімдердің мағыналық-қолданыстық 
ерекшеліктерін толық меңгеру үшін аталған мәселелерге қатысты негізгі 
ұғымдарға көңіл бөліп, осы орайда айтылған ғылыми тұжырымдарды өз 
бетімен тереңдете қарастырған жөн. 
Пайдаланылған әдебиет: 
1. Салқынбай А. Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы, 1998. 
2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы 1992. 
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1992. 
4. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007. 
5. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996.
7. Шәкенов Ж., Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдер категориясы. – 
Алматы, 1961 
8. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы, 2007. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет