№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет40/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
40 
/1,3/. Ал Ж. Шәкенов сын есім мәселесінде бұрын-соңды айтылған пікірлерді 
қамти отырып, қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге 
түсіріп қарастырады. «Қазақ грамматикасында» сын есімнің бірнеше маңызды 
белгілері атап көрсетіледі (2, 460). 
Сын есімді мағынасына қарай жүйелеуде де түрлі көзқарастар болды. 
Мәселен, А. Байтұрсынов оны тек сыны, сыр сыны деп екіге бөлсе, 
Н. Сауранбаев оның сыр сыны, қатыстық сын, өнер сыны, салыстырмалы сын 
тәрізді төрт түрін көрсетеді. 
Қатыстық сын есімдер негізінен сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа сөз 
таптарынан жасалады. Бірақ бұдан қатыстық сын есімдер ғана туынды түбірлі 
болып келеді, ал сапалық сын есімдер тек негізгі түбірлерден ғана жасалады 
деген ұғым тумауы керек, Ы. Маманов туынды сын есімдердің барлығын 
жаппай қатыстық деп танитын жалаң формальды көзқарасты сынға ала 
отырып, сапалық сынды қатыстық сыннан ажыратудың басты белгісі ретінде 
сын есімдердің шырай формаларымен түрлену-түрленбеуін ұсынады /3, 11/. 
Сондықтан шырай жұрнақтарын қабылдайтын негізгі және туынды сын 
есімдер сапалық, ал шырай шырай жұрнақтарын қабылдамайтын сын есімдер 
қатыстық болып табылады. Сын есімнің мағыналық топтарының арасындағы 
айырмашылық сапалық сындардың заттың түрлі белгісімен қатар қимылды да 
анықтауы және түрленуі, ал қатыстық сындардың тек заттың ғана түрлі затқа 
не қимыл-әрекетке қатысты белгілерін анықтаумен сипатталады.
Сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан жалаң және күрделі болып 
бөлінеді. Жалаң сын есімдер негізгі және туынды түбірлі болып бөлінеді. 
Күрделі сын есімдер кем дегенде екі сөзден құралып, бір бүтін күрделі тілдік 
бірлік ретінде қолданылады.
Шырай категориясы – заттың бір түрлі сындық белгісінің түрлі дәрежеде 
болуын білдіретін грамматикалық категория. Грамматикалық категорияның 
бұл түрі сапалық сын есімге тән.
Тіл үнемі даму үстінде болды. Соған орай тілдік бірліктер, оның ішінде сөз 
таптары, оның лексика-семанитакалық топтарының арасында өзара ауысулар 
болып отырады. Бұл құбылыс қатыстық сын есім мен сапалық сын есімдерге 
де тән. Қатыстықтан сапалыққа ауысқан сын есімдер өзгеріске ұшырап, яғни 
қатыстық мағынадан сапалық мәнге ауысып, соның нәтижесінде шырай 
жұрнағын қабылдайды.
Сонымен шырай категориясы сапалық сын есімнің семантикалық және 
грамматикалық жағынан түрленуіне негіз болып, бастапқы мағынасы 
түбегейлі өзгертпегенмен, оған сәл де болса қосымша реңк, мән үстейді.
Шырай жұрнақтарының қызметіне қатысты да түрліше көзқарастар кездеседі. 
Ғ. Мұсабаев -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шіл жұрнақтарын шағын шырай деп 
қараса, Ы. Маманов оларды «сөз тудырушы қосымшаға жатқызады. Ғалым 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет