№1 дәріс Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет24/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Негізгі ұғымдар:
сөзжасамдық тізбек, мағына негізділігі, иерархиялық 
тәртіпте орналасу, мағыналық қабат, мағыналық құрылым, ең кіші 
сөзжасамдық тізбек, ең үлкен сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам, 
түрлері, сөзжасамдық парадигманың көрінісі т.б. 
Дәріс жоспары: 
1. 
Сөзжасамдық тізбектің ұя мүшесі ретінде жаңа туынды сөздер 
жасаудағы орны. 
2. 
Сөзжасамдық тізбектің құрылымы, сыңарлары, белгілері. 
3. 
Сөзжасамдық тарам, түрлері. 
4. 
Сөзжасамдағы синтагматикалық және парадигматикалық сөзжасамдық 
қатынастар. 
Дәріс мәтіні 
1980 жылы шыққан «Русская грамматика» атты академиялық грамматикада 
төмендегідей анықтама береді: «Словообразовательная цепочка — это ряд 
однокоренных слов, находящихся в отношениях последовательной 
мотивированности». 
1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда 
сөзжасамдық тізбек термині алғаш ғылыми айналымға түскен. «Бір түбірден 
тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді 
сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады» (ҚҚТСЖ). 
«Сөзжасамдық тізбек - сөзжасамдық бір ұяның негізінде жасалған, бірінен-бірі 
тікелей туындатын жаңа мағынаны туынды сөздердің тізбегі. Сөзжасамдық әр 
тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады. Сөзжасамдық тізбек 
біріне-бірі негіз болатын бір негізді сөздердің тобы» (лингв, түсін. сөздік 206-
6.). 
Сөзжасамдық тізбектің мағыналық құрылымы көп қабатты (слой), көп 
құрамды (сыңарлы компонентті). Сөзжасамдық тізбектің мағыналық құрамы 
оның бойындағы бар сөздердің мағынасын қамтиды. Мағыналық кұрылымы 
оның бойындағы бар сөздердің мағынасын қамтиды. Мағыналық құрылымға 
мән береді: жүз/жүзгіш/жүзгіштік. Сөзжасамдық тізбек бойындағы сөздердің 
сөз таптарына қатысты кұрылымына келетін 1 сөз етістік, 2 сөз әрі сын есім, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет