№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет21/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
21 
Қазақ тілінде сөзжасамдық тізбек - сөзжасамдық ұяның бір мүшесі. Атау 
үғымының тілде пайда болуы сөзжасамдағы ұяның сипатталуына байланысты. 
Сөзжасам жеке тіл ғылымы саласы болған уақыттан бері сөзжасам мәселесіне 
арналған 
Н.Оралбай, 
А.Салқынбай, 
К.Құрманәлиев, 
З.Бейсембаева, 
Н.Қоқышева, Б.Есімсейітов еңбектерінде сөзжасамдық ұя мәселесіне көңіл 
аударылды. Мысалы: 1989 ж. шыққан «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» 
монографиясында сөзжасамдық тізбек сипатталмаған. Сондықтан бұл сұраққа 
арналған әзірше бір ғана кандидаттық жұмыс бар. Бұл жұмыс (Б.Есімсейітов) 
«Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылымын синхрондық тұрғыдан 
зерттеу» деп аталады. 2003 жылы оқулық болып шықты. 
Сөзжасамдық тізбек - сөзжасамдық ұяның синтагматикалық құрылымдық 
бірлігі болып табылады. 
Сөзжасамдық тізбек дегеніміз - бір түбірден тараған, бірінен-бірі тікелей 
туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздер тобы. Сөзжасамдық 
тізбексіз сөзжасамдық ұя жоқ. Н.Оралбаева әр сөзжасамдық тізбек негіз сөзден 
басталып, негізді сөзбен аяқталады деп көрсетеді. Сөзжасамдық тізбекте негіз 
сөз - 1, қалғандары негіз емес сөз, яғни негізді сөздер. Мысалы: бет - бетте - 
беттес - беттестір /негізсіз/негіз/негізді/негіз. Мысалы шық сөзінің 46 тізбегі 
бар. Сөзжасамдық тізбек бірнеше тармақты болады. Мысалы: біл, білім, 
білімдар, білімдарлық т.б. бір негізгі түбір бірнеше сөзжасамдық тізбек бере 
алатындығы жиі кездеседі. Әр тізбек негіз сөзден басталып негізді сөзбен 
аяқталады. 
Бір ғана біл етістігінен 13 сөзжасамдық тізбек өрбитіні 50 бетте 
корсетілген. Әр тізбек 4-5 сөзден тұрады, ал бас сөзінен 92 сөзжасамдық тізбек 
тараған. 
Сөзжасамдық тізбектің мына белгілерін атауға болады: 
1. Сөзжасамдық тізбек - сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі. 
2. Сөжасамдық тізбектегі сөздердің сөзжасамдық қатынасы - иерархиялық 
қатынастағы сөздер тобы. 
3. Сөзжасамдық тізбек мүшелері уәждемелі туынды сөздер. 
4. Сөзжасамдық тізбектегі сөздер бір-бірімен мағыналас сөздер әрі түбірлес 
сөздер. 
Сөзжасамдық тізбек бойындағы сөздердің (негіз сөз
,
туынды сөз) өзіне тән 
ішкі мағыналық және сыртқы дыбыстық жағына көңіл бөлінеді. Екінші сөзбен 
айтсақ, оның мағыналық, тұлғалық құрылымы танылады. Қазақ ғалымдары 
А.С.Тихоновтың сипаттамасын басшылыққа алған. 
Сөзжасамдық ұя мүшелерінің бірі – сөзжасамдық тізбек. А.Н.Тихонов 
сөзжасамдық тізбекке мынадай анықтама береді. «Под словообразавателъной 
цепочкой мы понимаем ряд однокоренных слов, находящихся в отношениях 
последовательной производности» (АДД, 1974, 35-с). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет