Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
17
Өн – өнімді
Өн – өнімді
Өн – өнімділік
Немесе ойпаң деген ой – паң бір сөзжасамдық жұп. Біз мұнда ұядағы ең
кіші құрылым туралыайтып отырмыз. Сөзжасамдық ұяның құрылымында
сөзжасамдық жұптың түрлі болтынын көреміз. Сөзжасамдық ұя мағынаның
уәжділігіне сай негізгі сөзбен туынды сөздің қатыстылығы сөзжасамдық
жұпты құрайды. Сөзжасамдық мағынаның негізділігі туындайтынын жаңа
мағынамен байланысты заңдылық. Сөзжасамдық ұядағы түп негіз сөзден
тікелей өрбіген сөзжасамдық мағына күшті болады, түп негіз басымдылық
көрсетеді.
М: тол-толық, тол-толқы
Тол-толым т.б.
Ал толық – толықта
Толық-толықтыр Сөзжасамдық жұптарында тол сөзінен
мағына
Толық-толықтап алыстай береді
Сөзжасамдық жұптар сыңарларының қызметі де өзгеріп отырады. Бірде
1- сыңар түп негіз, бірде 2-сыңар түп негіз болып келеді. Демек,
сөзжасамдағы сөз бен уәждемелі сөздер тіл білімінде сөзжасамдық жұп деп
аталады. Сөзжасамдық жұптар арасындағы мағыналық қатынас а) ортақ
сыңарлы жұптар; ә) әр түрлі сыңарлы жұптар болып ажыратылады. Мысалы:
Ортақ сыңарлы жұптар:
Ақ-ақта
Ақ-ағар
Ақ-ақшыл
Ақ-ақи
Ақ-ақси
Әр түрлі сыңарлы жұптар ақ-ақта, ақ-ақталт т.б.
Сөзжасамдық саты
Сөзжасамдық саты - СҰ-ның мүшесі. Немесе ұя құрылымындағы
туындылардың орналасу тәртібі.
Бұл ұғымның термин ретінде қазақ тілі сөзжасамында пайда болғанына
көп уақыт болған жоқ. СС түсінігі проф.Н.Оралбаеваның «Сөзжасамдық саты»
атты мақаласында сөз етілді.
СС бір түбірден екніші туынды сөздің жасалу шегін білдіреді. Мысалы:
біл-білімді-білімділік т.б. тізбекте 3 сөзжасамдық саты бар. Сатының ең
бастапқы және міндетті шыңы болып түбір сөз яғни негізсіз сөз саналады.
Ұяны басқаратын түбірден тікелей жасалған туынды бірінші сатының
|