№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет4/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 

еркін тіркестерден ерекшеленеді. М: тас бауыр, іні бауыр - еркін тіркес кіші 
бауыр, үлкен бауыр. 
Тілімізде номенклатуралық атаулар күрделі зат есімдерге қарағанда көп 
мүшелі болып келеді. М: аға ғылыми қызметкер - аталым (бірақ апа ғылыми 
қызметкер, іні ғылыми қызметкер демейміз). Үкімет үйі, Қазақстан 
Республикасы, Совет одағының батыры. 
Күрделі зат есім аға буын (үлкендер), сым темір (проволка), жуан темір, 
жан тәсілім (өлім), қалалық әкімшілік - аталым, жарық дүние (өмір), ер бала (ұл), 
қыз бала (қыз), бас жіп (құрал) тірек. Ащы ішек, бел омыртқа - атау. Ақ жол 
(ақиқат), қан майдан (соғыс), өгей ата (өгей әке) т.б келтірілген мысаладарда 2-
3 жағдай өте жақын, компоненттері зат есім болып келгенде күрделі сөз 
сыңартірек сөз болып қолданылуы, тіркесім арқылы жасалған жаңа номинатив, 
атауы сөзді басқа ұқсас құбылыстардан ажыратудың жолы, бірақ межелеу 
мәселесінде ғалымдар тарапынан біртұтас көзқарас жоқ. Мысалы, бірнеше 
тілдік құбылыстар қосарлы, қосалқы айқындауыштар, фразеологизмдер. Жұман 
бай, Баян бәйбіше, Қозы көрпеш Баян сұлу, Арал теңізі, өгей шеше, тас түйін, 
өр кеуде, асқарлы алпыс. 
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі сөз тұлғасының күрделену жолымен 
байланысты тілімізде сөздердің бірігуі, түбір тұлғаларын өзгертіп кіріге бірігуі 
көп ретте біріккен сөз, күрделі сөз сияқты терминдермен ауыстырылады. 
Сөзжасамдық нысан ретінде толық мағыналы сөздердің бірігуі тәсілі арқылы 
пайда болу жайын біз сөзжасамдық талдау ретімен сипаттасақ: 
1. 
Біртұтас негіз қызметінде синтетикалық модельдер, қалыптар 
үлгісімен түрлене алады, одан кейін жалғаулармен қолданылады. 
Мысалы: балмұздақшыл, балмұздақпен. 
2. Бұл сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады, бір екпінмен 
айтылады. 
3. Келесі екі толық мағыналы сөзден кейде бір ғана атау пайда болады: 
тасбақа, еңбекақы. Үш түбірден де кездеседі: Екібастұз, Сарытауқұм. 
Айтылғандарды қорытындыласақ, аналитикалық тәсілмен жасалған 
туынды сөздер лексикалық бірлік ретінде мына белгілермен ерекшеленеді. 
1. Номинациялық қызметте жүмсалуы (атаулық) 
2. Біртұтас мағына білдіру (семантикалық) 
3. Сөйлемнің бір мүшесі (синтаксистік қызмет) 
4. Сыңарларын өзгертуге болмайды. Егер өзгерсе жаңа мағына 
туындамайды. 
Сонымен бірге аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туындылардың 
терминдік қызметі туралы сөз етейік. Әдетте термин жасайтын арнайы 
жұрнақтар, тәсілдер жоқ. Ол тілдегі бар сөзжасам тәсілдері арқылы жасалады. 
Ерекшелігі - арнайы қолданылады. Терминдер қатарында аналитикалық тәсіл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет