38
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты
бұл мектепте жаңа оқу
жылының ашылуына арналған әрі білім берудің
адам өміріндегі маңызы мен
рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.
Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру
ұйымдары дербес айқындайды.
Мемлекеттік туды алып шығу және
гимнді орындау Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес
жүргізіледі
1
.
Салтанатты іс-шараның мақсаты:
жаңа оқу жылының басталуы
қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас
қалыптастыру.
Міндеттері:
- қатысушыларды өткен оқу жылының
жетістіктерінен хабардар ету;
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген
ұмтылысын
қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық,
құрмет және азаматтық сана
құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін
қалыптастыру.
Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:
- аудан/қала/облыс әкімдері;
- бөлімдердің/білім басқармаларының
басшылары;
- қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- 1-сынып оқушысының ата-анасы/заңды өкілі.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің
іс-шараларға қатысуының маңыздылығына назар аударамыз.
Достарыңызбен бөлісу: