219
(немесе нөлдік) тіркес деп қарау болады. Сонда қазақ мәтіні дыбыс
тіркесі тұрғысынан түгел қамтылады. Қос тіркес және үш тіркес деп
отырғанымыз, аттары айтып тұрғандай, қазақ тіліндегі екі не үш
дыбыстың тіркесі болады.
Бұл жерде ескерте кететін жай бар, дыбыс тіркесі мен буынның
фонетикалық үлгісі бір-біріне жақын, тіптен, сәйкес болуы да мүмкін.
Алайда оларды тілдік бірліктер ретінде айырып тұратын жіктелім
белгілері бар. Бірінші фонологиялық белгі: буын фонологиялық
категория, ал дыбыс тіркесі фонетикалық категория. Екінші
фонетикалық белгі: буын үшін үндесім әуез маңызды болса, дыбыс
тіркесі үшін үйлесім әуез маңызды болады. Басқаша айтқанда, қазақ
тіліндегі үндесім әуездің саны шектеулі, олар: жуан езулік әуез;
жіңішке езулік әуез; жуан еріндік әуез; жіңішке еріндік әуез. Үндесім
әуез жуан/жіңішке/еріндік/езулік белгілердің араласымынан құралады.
Соған лайық артикуляциялық түрленім де шектеулі болады. Соның
нәтижесінде үндесім дыбыстардың құрамын санамалап беруге
мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: