Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет140/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков

Іргелес тіркестер
Оқулықтар мен оқу құралдарында, өзге де зерттелімдерде олар 
«дыбыс тіркесі» болып жүргендіктен, оларға арнайы фонетикалық тал-
дау жасамақпыз. Орфографиялық тіркестердің түрлері көп, сондықтан 
олардың бәрін қамтып жату мүмкін емес. Неге «орфографиялық тір-
кес» деп аталатынын көрсету үшін ғана мысал келтіріп отырамыз.
Орфографиялық сөздікте 
сәнге
деп жазуды міндеттеп отыр. Сон-
дықтан да барлық жазба құралдар («Әліппеден» бастап) осы ережені 
ұстанады.
Осы сөздің құрамындағы 
нг
дыбыс тіркесінің артикуляциясын
талдап көрейік.
Енді тіркес сыңарларының арасындағы қайшы белгілерді іздейміз. 
Өйткені тіркес құрамындағы дыбыстар қайшы белгілеріне қарай бірін-
бірі артикуляциялық тұрғыдан икемдейді. Дауыс желбезегінің қатысы 
бір-біріне жақын, ендеше, бұл жерде де қайшылық байқалмайды. Екі 
сыңары да жасалу амалына қарай тоғысыңқы, ендеше, жасалу амалы-
на қатысты қайшылық тағы жоқ. Ал жасалу орнына келетін болсақ, 


214
бірі – тіл ұшы, ал екіншісі – тіл ортасы. Ендеше, басты артикуляция-
лық қайшылық олардың тіл ұшы-тіл ортасы белгілерінде екен.
Дыбыс тіркесі фонетикалық тұрғыдан өзара кірігіп айтылу үшін осы 
екі белгі артикуляциялық тұрғыдан бір-біріне икемделу керек. Өзара 
икемделу деген сөз екі белгінің бірі жойылып, оның орнына екі сыңа-
рына ортақ бір артикуляциялық белгі қалу керек.
Тіркес сыңарларының арасындағы бір артикуляциялық белгінің 
жойылуы нәтижесінде екінші дыбыс пайда болады. Ол дыбыстың фо-
нетикалық сипаттамасы: тілдің ортасы арқылы жасалды; тілдің ортасы 
мен таңдайдың тоғысуы арқылы жасалады; дауыс желбезегі мол тербе-
леді. Сонда тіркестің бірінші сыңары жасалу орнына қарай тіл ортасы, 
жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы, дауыс қатысына қарай үнді болып 
шығады. Тіл ұшы артикуляциясының тіл ортасы артикуляциясымен 
алмасуына қарай 
н
дауыссызы 
ң
дауыссызына алмасты (көп жағдайда 
«бір дыбыс екінші дыбысқа айналды» деген жаңсақ анықтама қолда-
нылады, дұрысы «алмасады»). Бір айырым белгінің алмасуы жаңа ды-
быстың келуіне себеп болып отыр.
Соның нәтижесінде сөздің жаңа және бірыңғай артикуляциялық 
тізбегінің моделі қалыптасты. Орфографиялық тіркестердің жіктелім 
белгілері барлық уақытта қайшы тіркестер болып табылады. Өйткені 
«қайшы тіркес» дейтін себебіміз олар қазақ тілінің айтылым үлгісін-
де бір-бірімен артикуляциялық тұрғыдан кірікпейді. Мысалы, жоға-
рыдағы орфографиялық 
сәнге
сөзіндегі 
нг
дыбыс тіркесінің айырым 
белгілерін алайық.
сән – үнді
тіл ұшы
тоғысыңқы
ге – ұяң
тіл ортасы
тоғысыңқы
Тіркес құрамындағы дауыссыз дыбыстардың үнді-ұяң және тоғы-
сыңқы белгілері өзара үйлесіп тұр, өйткені алдыңғы сыңары үнді бо-
лып, соңғы сыңары ұяң болып қазақ тілі дыбыстары тіркесе береді. 
Сондай-ақ жасалу тәсілі екі сыңарына да бірдей тоғысыңқы тоғы-
сыңқы. Ал жасалу орнына қатысты белгілері бір-бірімен қайшы келіп 
тұр, өйткені бірінің жасалу орны тіл ұшы болса, екіншісінің жасалу 
орны тіл ортасы болып тұр. Дыбыс тіркесінің айтылымында екеуі де 
тіл ортасы болып айтылу керек.
Ол үшін тіл ұшы дауыссыз тіл ортасы дауыссызбен алмасуға тиіс.
сәң – үнді тіл ортасы тоғысыңқы
ге – ұяң тіл ортасы тоғысыңқы


215
Сонымен барлық белгілері бір-бірімен үйлес дыбыс тіркесі пай-
да болды. Сөйтіп қайшы тіркестің орнына үйлес тіркес келді. Сөздің 
қазақ тіліне тән қазақы үйлесім айтылымы қалыптасты. Сондағы ай-
ырым белгілердің жүйесі тіл ұшы/тіл ортасы. Айырым белгілер ауыз 
қуысының жарты бөлігіне ауысты.
Енді одан гөрі күрделі артикуляциялық жағдаятты көрсететін ор-
фографиялық
жанға
сөзінің құрамындағы
нғ
тіркесін алып қарайық. 
Тіркестің алғашқы сыңары 
н
дауыссызының фонетикалық анықтама-
сы жоғарыда берілді, оны қайталап жатпаймыз. Екінші сыңары болса: 
тілшік арқылы жасалады; тілшік пен тіл түбінің тоғысуы арқылы жаса-
лады; дауыс желбезегі жартылай тербеледі (дауыстан салдыр басым). 
Сонда дауыссыз жасалу орнына қарай тілшік, жасалу тәсіліне қарай 
тоғысыңқы, дауыс қатысына қарай ұяң болып шығады. Сонда екі ды-
быстың арасындағы қайшылық тіл ұшы-тілшік белгілеріне байланыс-
ты болып шығады.
Қазақ сөзінің айтылымына жат тіркес етіп тұрған осы қайшы бел-
гілер болып табылады, сондықтан да оны қайшы тіркес деп атаймыз. 
Суреттегі сөздің артикуляциялық тізбегінің моделі соны көрсетіп тұр.
Олардың арасындағы қайшылық тіркес сыңарларының арасын-
дағы айырым белгілердің бірі жойылып, бірі қалудың арқасында ғана 
реттеледі. Енді тіркестің бірінші сыңары болса: тілшік арқылы жасала-
ды; тілшік пен тіл түбінің тоғысуы арқылы жасалады; дауыс желбезегі 
мол тербеледі (салдырдан дауыс басым). Сонда дауыссыз жасалу ор-
нына қарай тілшік, жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы, дауыс қатысына 
қарай үнді болып шығады. Сонда екі дыбыстың арасындағы қайшылық 
жойылып, екеуі де тілшік болып шығады.
Тіркес моделі көрсетіп тұрғандай, тіл ұшы, тоғысыңқы, үнді да-
уыссыздың орнына тілшік, тоғысыңқы, үнді дауыссыз келді.
Артикуляциялық тұрғыдан кірікпей тұрған жіктелім белгі олардың 
жасалу орнына байланысты. Мысалдағы қайшылық 
жаңға
сөзінің 
құрамында тіл ұшы-тілшік артикуляциясының нәтижесінен туындайды.
жан – үнді
тіл ұшы
тоғысыңқы
ға – ұяң
тілшік
тоғысыңқы
Бұл жерде кірікпей тұрған жасалым белгілер: бірі тіл ұшы болса, 
екіншісі тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. Ал дыбыс тіркесі 
болу үшін оның екеуі де тілшік болып айтылу керек.
Бұл жерде де тіркес құрамындағы дауыссыз дыбыстардың үн-
ді-ұяң және тоғысыңқы белгілері өзара үйлесіп тұр, өйткені алдыңғы 


216
сыңары үнді болып, соңғы сыңары ұяң болып, қазақ тілі дыбыстары 
тіркесе беретіні жоғарыда айтылды. Сондай-ақ жасалу тәсілі екі сыңа-
рына да бірдей тоғысыңқы. Ал жасалу орнына қатысты белгілері бір-
бірімен қайшы келіп тұр, өйткені бірінің жасалу орны тіл ұшы болса, 
екіншісінің жасалу орны тілшік болып тұр. Дыбыс тіркесінің айтылы-
мында екеуі де тілшік болып айтылу керек.
Ол үшін тіл ұшы дауыссыз тіл ортасы дауыссызбен алмасуға тиіс.
жаң – үнді тілшік тоғысыңқы
ға – ұяң тілшік тоғысыңқы
Сонымен тағы да барлық белгілері бір-бірімен үйлес дыбыс тір-
кесі пайда болды. Сөйтіп қайшы тіркестің орнына үйлес тіркес келді. 
Сөздің қазақ тіліне тән қазақы үйлесім айтылымы қалыптасты. Сон-
дағы айырым белгілердің жүйесі тіл ұшы-тілшік. Егер 
сәңге 
сөзінде 
айырым белгілер ауыз қуысының жарты бөлігіне ауысса, 
жаңға
сөзін-
де айырым белгілер ауыз қуысының бүтін бөлігіне ауысты.
Жасалу орнына қатысты қайшы жасалым белгі жазба мәтіннің 
құрамында тіркес құрай береді, өйткені әріп үшін оның тілдік мәні 
жоқ. Дегенмен мәтін мазмұны түсінікті болғанымен, мәтіннің қазақы 
айтылымына нұқсан келіп тұр. Бірақ ауызша мәтіннің құрамында тір-
кес құрай алмайды, өйткені дыбыс үшін оның тілдік мәні маңызды, 
сондықтан жасалу орнына қатысты қайшы белгі болмау керек.
Артикуляциялық тұрғыдан кірікпей тұрған жіктелім белгі олардың 
жасалу орнына байланысты. 
Сәнге
сөзінің құрамында тіл ұшы-тіл ор-
тасы болса, 
жанға
сөзінің құрамында тіл ұшы-тілшік артикуляциясы-
ның нәтижесінен туындайды. Сондықтан жасалу орнына қарай «қай-
шы тіркес» болып табылады.
Сонда тіл ұшы 
н
дауыссызы бірде тіл ортасы 
ң,
бірде тілшік 
ң
болып айтылады. «Тіркес түрленім» деп отырғанымыздың басты бел-
гілері осы сықылды болып келеді. Бірақ біз оны латын әліпбиіне бай-
ланысты ескермейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет