220
қарай тіл арты болып табылады. Дауысты жалаң тұрғандықтан, оның
жасалымына әсер ететін көрші дыбыс жоқ. Сондықтан оның негізгі
белгілері толық сақталады, ал үстеме жасалым қосатын фонетикалық
жағдаят жоқ болғандықтан, оның артикуляциялық құрамында үстеме
белгі болмайды.
Дауыстының негізгі белгілерінің сол күйінде сақталуы мен үстеме
белгілердің болмауы дауыстыдан кейін
өзге дыбыстың жоқ екенін
көрсетеді. Сол бос орынды «нөлдік» деп атап, дауысты мен нөлдіктің
тіркесін «жалаң» деп атап отырмыз.
Жалаң тіркестің артикуляциялық сипатын акустикалық көрнекі-
лікпен толықтырамыз. Ол үшін дауысты қатысты акустикалық айты-
лым белгілерді түгел талдап шығуға тура келеді. Өйткені акустикалық
жан-жақты талдаудың нәтижесінде
ғана жалаң тіркестің толық
сипаттамасын алуға болады.
Сонымен дауыстының созылымдылық, қарқын, спектр және әуен
қалпы оның артикуляциялық сипаттамасын көрнекі толықтырып тұр.
Ендеше, жалаң тіркестің өзге тіркестерден бөлектеп тұратын өзіне тән
артикуляциялық және акустикалық көрнекі белгілері бар.
Достарыңызбен бөлісу: