Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет146/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков

Үш дыбысты тіркестер
Тіркес құрамында үш дыбыс болса, онда ондай тіркесті «үш 
дыбысты тіркес» деп атаймыз. 
Дыбыс тіркестері жазба мәтінде қатар және дербес тұрған екі 
немесе үш әріп ретінде көрінгенімен, олардың айтылымында өзгешелік 
болуы мүмкін. 
Ол өзгешелік олардың арасында артикуляциялық байланыс бар 
ма, әлде жоқ па, соған қарай шешіледі. Егер тіркес құрамындағы 
дыбыстардың арасында тығыз артикуляциялық байланыс болса, онда 
оны байлаулы тіркес деп атаймыз, егер тығыз артикуляциялық байланыс 
болмаса, онда оны бос (немесе еркін) тіркес деп атаймыз. Бұл жердегі 
байлаулы және бос (еркін) тіркес деп отырғанымыз фонетикалық ұғым 
(категория) болып табылады.
Қазақ тілінің теориялық фонетикасы тұрғысынан қарасақ, тіркес 
құрамында дауыстыны қосқанда ғана үш дыбыс болуы мүмкін, 
мысалы, 
ант, ұлт, өрт, ұрт
т.б. Өйткені осы тәрізді тіркестердің ғана 
құрамындағы дыбыстар өзара кірігіп тіркес құрайды.
Ал дәстүрлі фонетикадағы үш дауыссыздың тіркесі 
(айттық, 
қарттық, тартпа)
деп жүрген тіркестеріміздің өзіндік фонетикалық 
ерекшеліктері бар. Біздің байқауымызша, теориялық тұрғыдан олар 
кіріккен тіркестер бола алмайды. Төменде соларды талдап көреміз.
Байлаулы тіркестер
Байлаулы тіркестер деп тіркес құрамы өзгермейтін дыбыс 
тіркестерін атаймыз. Байлаулы тіркестер болу үшін үш дауыссыз 
қатар келу керек. Мысалы, 
тартпа, қайтса, төрттік
т.б. сөздердің 
құрамында дәстүрлі ұғым бойынша үш дауыссыздың тіркесі бар. Егер 
жазба мәтінге қарасақ солай екеніне күмән жоқ. Ал бірақ фонетикалық 
(айтылым) тұрғысынан артикуляциялық қайшылықты табамыз.
Жоғарыда 
сырт
сөзінің артикуляциялық табиғатын талдаған 
болатынбыз. Әрине сөздің осы тұрқында 
рт
тіркесі байлаулы екені 
даусыз. Өйткені тіркес құрамындағы дауыссыздар ешқайда бөлініп кете 
алмайды, ол үшін осы түрінде себеп болатын фонетикалық жағдаят 
жоқ. Ал егер 
сыртта
дейтін болсақ, үш дауыссыздың тіркесі пайда 


227
болды. Артикуляциялық модель біраз күрделенді, сондықтан алғашқы 
сырт
бөлшегінің айырым белгілерін қайталап шығамыз.
р – тіл ұшы діріл жуысыңқы үнді (қысаң) езулік
т – тіл ұшы тоғысыңқы қатаң (қысаң) езулік
Сөз 
сыртта
болып күрделеніп, дауыссыз тіркес үш дыбысқа 
айналды, сөйтіп дауыссыздар тіркесінің соңында екі 
т
қатар тұр. 
Екеуінің негізгі белгілері бірдей. Бірақ алғашқы 
т
алдындағы 
р
дауыссызынан бөліне алмай, қысаң еріндік белгісі сақталып тұр. 
Дыбыс тіркестерінің байлаулы болуы тіркестің сөздегі орнына 
тікелей қатысты болып шықты. Ендеше, екі дауыссыздың тіркесі сөздің 
соңында және сөз ішінде тағы бір дауыссыздың алдында байлаулы 
тіркеске айналады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет