228
Қос дауыссыз тіркестің бос тіркесті үлгісін жоғарыдағы жолмен
талдап шығуға болады. Мысалы,
шарт
сөзінің соңындағы дауыссыз
тіркес байлаулы болып табылады. Ал енді осы дауыссыз тіркес белгілі
бір фонетикалық жағдаятта бос тіркеске айналып кетеді. Мысалы,
шарты
сөзінің құрамындағы
рт
тіркесі
шарт
сөзінің құрамындағы
рт
тіркесінен көрнекі айырмашылығы жоқ, артикуляциялық белгілері
бірдей. Соған қарамай
шарты
сөзінің құрамындағы
рт
тіркесі бос
(еркін) тіркес болып табылады. Оны тіркес белгілерінің салыстырмалы
жүйесінен тауып, дәлелдейтін боламыз. Бұл жерде тіркес құрамындағы
дауыссыздардың негізгі және үстеме белгілерін түгел сипаттап жатпай,
салыстырма кестесін береміз.
т – тіл ұшы тоғысыңқы қатаң (ашық) езулік
т – тіл ұшы тоғысыңқы қатаң (қысаң) езулік
Тіркестің екінші сыңары алғашқы сөздің құрамындағы ашық
езулік белгісінен айырылып, екінші сөздің құрамында қысаң езулікке
айналып кетті. Соның нәтижесінде соңғы дауыстымен кірігіп, өз
алдына бөлініп кетті.
Дауыссыз тіркестер бос тіркеске айналу үшін соңынан дауысты
келу керек екен.
Қазақ тілінің дыбыс құрамы мен оның жүйесінің
өзіндік құры-
лымы анықталды: дыбыстардың жасалымы, олардың өзара тіркесім
реті, буын және сөз просодикасы. Қазақ тілінің мәтін терімін оңтайлан-
дыру үшін оның жазу емле ережелері модельге түсірілді, енді сол
ережелерді тұрақтандырып алу керек болады. Мәтін терімін сонда ғана
дұрыс оңтайландыруға болады. Сөйтіп, біріншіден, қазақ жазуының
емле ережесі көп ықшамдалды және тілдің табиғи құрылымын
бұзбайтын болды. Екіншіден, қолғанат қондырғылар үнемді және
ұтымды жұмыс істейтін болады. Үшіншіден,
өзге елдердің жазу
технологиясына сай қазақ тілі де әлеми ақпарат кеңістігінде қызмет
ете алады. Төртіншіден, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту арқылы,
оның мемлекеттік мәртебесін шынайы қалыптастыруға жол ашады. Ал
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі – ұлттық идеяны қалыптастырудың,
дамытудың және орнықтырудың құралы.
Қазақ мәтін теріміне лайық жетілген және оңтайлы қондырғылар
құрастырудың лингвистикалық негіздемесінің бастау көзі ретінде
фонетикалық және морфологиялық бірліктердің тізбек ретінің
алгоритмдері ұсынылып отыр.