у таңбасымен белгілейді және ол дыбыстың ағылшын тіліндегі
w дыбысымен ұқсас екенін атап, «жартылай дауысты» деп көрсетеді.
«Жартылай» деп отырғанының мәні бар: дыбыс жасалым/естілімі
жағынан дауыстыға жақын. Келесі кезеңде, ХХ ғасырдың басы,
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінде 29 дыбыс бар деп көрсетеді. Ахаң
анықтаған құрамда да «жартылай дауысты» кездеседі. Қазақ тілінің
алғашқы латын әліпбиінде (1929-39)
v таңбасымен белгіленіп келді.
Бертін келе дуыссыз мәртебесі ескеріліп,
ұу/үу тіркестерінің құра-
мында 1957 жылға дейін
у түрінде дербес жазылып келді. Ал акад.
І.Кеңесбаев бастаған зерттеушілер 43 дыбысқа тоқтады, 43 болып
тұрған себебі
у таңбасы дауыстының құрамында бір рет, дауыссыздың
құрамында тағы бір рет кездеседі. Ал 1957 жылы «қызыл саясат» қазақ
әліпбиі мен оның емле ережесіне де жетті. Сөйтіп қазақтың төл сөз-
дерінің жазылымына орыс тілінің
у дыбыс/таңбасы ендірілді. Сонымен
кірме у таңбасы қазақтың төл дауысты дыбыстарының құрамына
«дауысты» болып қосыла кетті. Кез-келген ғылыми-теориялық еңбек
немесе оқулық бетін ашыңыз, оқу-құралының немесе әртекті мақала-
ның бетін ашыңыз, алдыңыздан дауысты
у шыға келеді. «Алдамшы-
жалған» емлені ойлап тауып, «дауыссыздан кейін дауысты болады,
дауыстыдан кейін дауыссыз болады» деп амалдап келе жатырмыз. Қазақ
тілінде дауысты барлық уақытта дауысты болатыны, дауыссыз барлық
уақытта дауыссыз болатыны санамызға жетпей қойды.
Осы саяси әліпби реформасының жемісін енді «теріп-жеп»
отырмыз. Қазіргі ұрпақты қазақ тілінде дауысты
у дыбысы жоқ деп
сендіре алмай отырғанымыз сондықтан.
Соңғы жылдары жарық көрген академиялық еңбектерде
у таңбасымен белгіленіп жүрген дыбыстың ақиқат мазмұны анықталып
берілді: «