243
шатастырмас үшін
й[y]
таңбасының іргесіне [
y]
таңбасын қосақтап
й(y)
деп көрсетіп отыруға мәжбүрміз (орыстың дауысты
«у»
таңбасымен
шатастырмау керек).
Сонымен бұл өзі неғылған дыбыс болып шықты? Оның
академиялық мазмұны:
Анықтамасы:
тілшік (тіл ортасы) жуысыңқы үнді
Мәртебесі:
жүйеқұрауыш
Қызметі:
көсемшенің көрсеткіші
Тіркесімі:
тек дауыстыдан кейін
келеді
Шеп орналасымы:
сөз басында кездеспейді
Жиілігі:
жиі кездеседі
Ұқсастығы:
орыс, ағылшын тілінде бар.
Тағы да ғылыми негізге жүгінетін болсақ, Халықаралық
Фонетикалық Әліпби (ХФӘ немесе МФА – Международный
Фонетический Алфавит) үлгісі бойынша бұл дауыссыз дыбыстың,
өзінің жасалымына (артикуляциясына) лайық, әліпби таңбасы
латынның [
y]
болуға тиіс. Бұдан әрі қарай осы таңбаны тұрақты
пайдаланатын боламыз.
Енді неге «шала дауысты» болып жүргеніне тоқталайық. Өйткені:
бірінші, оның жасалымы (артикуляциясы) дауыстыға ұқсайды, себебі
ауыз қуысында кедергі жоқ; екінші, оның тілдегі қызметі дауыссызға
ұқсайды, себебі буын құрай алмайды. Тіл жүйесінде оның екінші
қызметі басым болып есептеледі, сондықтан да ол дауыссыз дыбыс
болып саналады.
Дауыссыз
й[y]
дыбысын жоғалтып жүргеніміздің тағы бір себебі
«жалған естілім» болып табылады. Қазақ тілінде сөз басында кезде-
спейтін бес дауыссыз дыбыстың бірі
Достарыңызбен бөлісу: