Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет199/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
4-ТАРАУ. Ұлттық әдеби-теориялық ой-пікір
Төңкеріске дейін эстетикалық 
таным-біліктің аясында көрініп 
қалған, ұлт әдебиетін теориялық 
тұрғыдан тануда алғашқы қадамдар 
жасаған әдеби-теориялық ой-пікір 
өз ізденістерін жалғастыра түсті. Ол 
жаңа заманға Шоқан мен Абайдың 
өлеңтану бағытындағы ғылыми-эс-
тетикалық көзқарасымен, баспасөз 
бетіндегі жарияланған қазақ тілінің 
тазалығын сөз еткен мақалалардағы 
және С. Торайғыровтың қазақ өлеңі 
туралы ойларымен, роман бәйгесінің 
жариялануымен орай шыққан жанр 
мәселесіне арналған мақалалардағы 
теориялық ұғым-түсініктерімен та-
нылған біршама дайындықпен кел-
ген еді. Төңкерістен соң басталған 
әдеби айтыс-тартысқа тайсалмай 
араласа жүріп, жаңа дәуір тала-
бын кейде қабылдай, кейде қарсы 
шыға отырып тың ізденістер жасай 
бастады. Осы кезеңде, яғни 1920-
1925 жылдар аралығында, қазақ 
баспасөзінде өзінің жанрлық кескін-
келбетін танытуға, даму жолын 
бастағанын дәлелдеуге ұмтылған 
әдебиет сыны әдеби-тарихи және 
әдеби-теориялық ой-пікірдің ғылы-
ми сипатқа ие болуына өз көмегін 
аяған жоқ. Әдеби-сыншылдық және 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір ара-
ласа жүріп, дәуір алға тартқан 
әдеби процестің күрделі пробле-
маларына шама-шарқынша қызу 
ара ласты. Жарияланған кітаптар 
мен театрлық қойылым, драмалық 
шы ғармалар мен жеке ақын-жазу-
шылар шығармашылығын сөз ет-
кен мақалаларда сыншылдық және 
әдеби-теориялық 
ой-пікір 
бір-
бірін толықтыра отырып, қанат-
таса қатар дамыды. Себебі, кез 
келген рецензиядағы немесе әдеби 
сын мақаладағы ой-пікір негі зі-
нен теориялық ұғымдарға табан ті-
рей айтылатыны белгілі. Ға лымдар 
Т. Кә кішев пен Д. Ысқа қов қазақ әде-
биеті сынын зерт теген еңбектерінде 
әдеби-теориялық мәселелер басым 
көрінетін мақалаларды да сынмен 
байланыстылықта 
қарастыратыны 
сон дықтан. 1920-1925 жылдарда 
таза бір теориялық мәселені ғана 
ар найы ғылыми сөз ететін мақала 
жоқ тың қасы. Сондықтан да бұл 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


217


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет