Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет202/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
драманы жанрлық тұрғыдан зертте-
уге ұмтылған, ұлттық әдеби-теория-
лық ой-пікірдің өресін танытқан 
ма қалалар деп атауға болады. Оған 
М. Әуезовтің «Қызыл сұңқарларға» 
жазған сынын («Шолпан», 1922, №2-3),
Д. Ысқақовтың «Бәйбіше-тоқал», 
«Қорғансыздар», С. Садуақасовтың 
«Ал тын сақина» ойыны туралы («Ең-
бекші қазақ», 1926, № 18), «Бәйбіше-
тоқал» («Еңбекші қа зақ», 1926, №24) 
секілді мақалалар жатады. Бұларды 
жеке жанрды ішкі құрылысына тал-
дау жасай отырып теориялық тұрғыда 
зерттеудің ең алғашқы ізашарлары 
деп бағалаған орынды болмақ.
Екінші сипаттағы мақалаларды 
«тұрпайы социологизм» ықпалы 
мен маркстік-лениндік эстетиканың 
та лаптарына сай жазылғандар деп 
атаған дұрыс тәрізді. «Тұрпайы со-
циологизм» маркстік-лениндік әдіс-
наманың әдебиеттің таптығы прин-
ципіне сай туындап, солақай социо-
логиялық талдауды басшылыққа 
ал ғандықтан, екеуін бірге алып отыр-
мыз. Оларға «Тілекшінің» «Cауық 
кеші», Н. Төреқұловтың «Бақыт жо-
лындағы сын», Т. Арыстанбековтің 
«Жыл құсы», «Жауқашар» деген 
автордың «Еңлік-Кебек», «Алакөз» 
деген автордың «Арқалық батыр», 
М. Көшекұлының «Қаракөз», О. Жұ -
мабайұлының «Қаракөз» және тағы 
басқа да мақалаларды жат қызуға 
болады. Бұлардан «тұрпайы социо-
логизмді» көзқарас араласа жүріп, 
әдеби-теориялық ой-пікірде маркс-
тік-лениндік эстетика талаптарының 
үстемдік құруға ұмтылған қадам-
дары анық сезіледі. Мысалы, О. Жұ-
мабайұлының 
«Қаракөз» 
ма қа-
ласы тұнып тұрған «тұрпайы со-
циологизмде» жазылып, шығарма 
оқиғасын таптық көзқараста сабақ-
тап әкету басым түсіп: «Қаракөзге» 
бәйге беру түгіл, басылғанына таң 
қаламыз. «Қаракөзді» мұнан бы-
лай еңбекшілердің театрына қоюды 
доғарып, қараттырмау керек. Дін құ-
ралы, қиялилардың құралы, қазақ 
ең бекшілерінің әдебиетін былғамай, 
еңбекшілерді байлардың әдебиетіне 
үгіттеп үндетпей, тез арада тиісті 
орындар қарап, «Қаракөзді» зерт-
теп керекті шарасын қолдансын», –
деген үкім шығарды [59, 37]. Мұн-
да трагедияға теориялық талдау 
жасаудың еш белгісі көрініс тап-
паса, Мұстафаның «Еңлік-Кебек», 
«Қаракөз» атты мақалаларында шы-
ғармаға маркстік-лениндік ілім не-
гізінде талдау жасауға деген талпы-
ныс танылады.
Үшінші сипаттағы мақалаларды 
драмалық шығарманың сахналық қо-
йылымына арналып жазылған театр 
сыны деп атаған дұрыс. Алғашқыда 
театр труппаларының сауық кешін-
де қойылған шығармаларды сөз 
еткен бұлар ұлт театрының ашы-
луына байланысты көптеп жария-
ланды. Саны жағынан жүзден ас-
там бұл мақалаларда драманың 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


220


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет