Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет200/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
кезеңдегі мақалаларды мынау сын, 
мынау теориялық зерттеу деп бө-
лектеу қиын. Ендеше «оларды не-
гізгі бір мәселеге, яғни әдебиеттің 
көркемдік әдісі жөніндегі теория-
лық-эстетикалық проблемаға бұрсақ, 
қа зақтың сол кездегі сыншылдық, 
ғылымдық ой-пікірінің өресін анық 
аңғаруға мүмкіндік туады» [2, 238]. 
Бұл жерде әдебиет теориясының 
көркемдік әдістен басқа мәселелері 
назардан тыс қалды деген ұғым ту-
мауы керек. Олар туралы тек шет-
пұшпақтап қана сөз ете бастаған 
әдеби-теориялық ой-пікірдің негізгі 
көңіл аударғаны – әдеби жанр мен 
көркемдік әдіс проблемасы болды. 
Оған 1920 жылдардың бас кезіндегі 
көркемдік даму процесіне байла-
нысты болған айтыс-тартыс пен 
пролеткультшылдық көзқарас өз әсе-
рін тигізгені анық.
Әдеби жанр туралы теориялық ой-
пікірдің айқын басымдықпен кө рінуі 
заңды. Өйткені, 1920 жыл дардың 
бас кезінде қазақ әдебиеті жанрлық 
тұрғыда өркен жая бас тағаны шын-
дық. Сын мен әдеби-теориялық ой-
пікірдің алғашқыда ерек ше назар 
аударғаны драматургия мен театр қо-
йылымдары болды. С. Сейфуллиннің
«Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолын-
да» драмалары туралы «Тілекші» 
деген автордың «Сауық кеші» («Ең-
бекші қазақ», 1922, №44), Нәзір 
Төреқұловтың «Бақыт жолындағы 
сын» (Темірқазық, 1923, №2-3), 
Т. Арыстанбековтің «Жыл құсы» 
(«Еңбекші қазақ», 1923, №64; «Қы-
зыл Қазақстан», 1923, №14) жария-
ланды. М. Әуезовтің «Бәйбіше-
тоқал», «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» 
шы ғармалары жайында «Бөкейше» 
деген автордың «Еңлік-Кебек», («Тіл-
ші», 1923, № 12), Д. Ысқақовтың 
«Бәй біше-тоқал» («Ақжол», 1923, 
№384), «Қорғансыздар» («Сана», 
1924, № 2-3), А. Елшібекұлының 
«Еңлік-Кебек» («Еңбекші қазақ», 
1925, № 419) секілді мақалалар 
жарық көрді. 20-жылдардағы дра-
матургияны дамытуға үлес қосқан 
басқалардың да шығармалары назар-
дан тыс қалған жоқ. Қ. Кемеңгеровтің 
«Алтын сақина», Б. Майлиннің «Неке 
қияр», Ж. Шаниннің «Арқалық ба-
тыр», «Торсықбай», «Айдарбек қу» 
және Ж. Аймауытовтың «Шернияз» 
шығармаларына арналып жазылған 
мақалалар соның айғағы.
1920 жылдардың бас кезінде әде-
би-теориялық ой-пікірдің сипатын 
айтқан уақытта мына бір мәселеге 
көңіл аудару керек. Төңкеріске дейін 
бір-екі ғана туындысы бар қазақ 
әдебиетінде тек осы 20-жылдардың 
бас кезінде отызға тарта драмалық 
шығармалардың жазылуы және дә-
уір алға тартқан тақырыптарды 
бір ден игеріп әкетуі ғажайып құ-
бы лыс. Дәстүрлі жолы бар орыс 
әде бие тінде В. Ивановтың «Броне-
поезд 14-69», Треневтің «Любовь 
Яро вая» тәрізді пьесалары «Қызыл 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет