Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет273/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жүріп отырғанын көрер едік. Бұны 
айтқан уақытта 1940-1955 жылдар 
аралығындағы қазақ библиография-
сында орны елеулі екі еңбекті ерек-
ше атаған орынды. Олар қазақ би-
блиографиясында 
ретроспективті 
та қырыптық, ғылыми-зерттеушілік 
жұ мыстарға көмегі тиетін көрсет кіш-
терге тән негізгі сипаттарды толық 
көр сетуімен құнды еді. Алғашқы сы –
В. М. Сидельниковтің 1951 жылғы 
халық ауыз әдебиетіне арналған орыс 
тіліндегі еңбегі. Онда қазақ фолькло-
рына байланысты 1771-1916 жыл-
дар аралығындағы барлық материал 
қамтылған. Жарияланған және жа-
рық көрген фольклорлық үлгілер мен 
зерттеу еңбектер енгізіліп, бұрынғы 
көрсеткіштерде қамтыла қоймаған 
тың деректермен толықтырылып 
шықты. Негізінен орыс тілінде жа-
рияланған басылымдар бойынша 
жұмыс жасау басты назарда болып, 
қазақ тілінде жарияланған бірталай 
материалдар енгізілмей қалғанымен, 
бұл еңбек фольклортану саласындағы 
да ғылыми ой-пікірлерді бір арнаға 
жүйелеп, библиографиялық тұрғы-
да нақтылап берді. Ал келесісі – 
Ғ. Әбетовтің «Қазақ совет әдебие-
тінің библиографиялық көрсеткі ші» 
(1956) аталатын қазақша-орысша 
шыққан еңбегі. Бұл кеңес дәуіріндегі 
әдебиет туралы қырқыншы жылдар-
да әр түрлі сипатта және мазмұнда 
шыққан көрсеткіштердің барлығын 
ғылыми тұрғыда саралай отырып, 
толықтырған көрсеткіш болды. Онда 
ақын-жазушылардың 1917-1946 жыл-
дар аралығындағы басылған идеоло-
гиялық саясатқа қарсы келмейтін 
көркем шығармалары және олар ту-
ралы сын мақалалар, ғылыми ең-
бектер енгізілген. Көрсеткіштің 
таза әдебиет мәселесіне арналмай 
марк сизм-ленинизм классиктерінің 
еңбектері, партиялық құжаттар мен 
қаулы-қарарлардың орын алуын 
сол кездегі заман талабы деп ұғар 
болсақ, бұл көрсеткіш те қазақ биб-
лиог ра фиясының алға басқан сәтті 
табысы дер. Қазақ библографиясы 
мен текстологиясы жайында бұл 
айтылғандардан шығар қорытынды: 
ұлттық әдебиеттану ғылымы өзінің 
даму жолын бастаған кезеңінде бұл 
салаларында да көңіл аударарлықтай 
ізденістер жасап, келешекте туатын 
сүбелі еңбектердің іргетасын қалап 
жатқанын көреміз.
Қалыптасу жолын бастаған жыл-
дардың өзінде-ақ осылайша, әр са-
ладағы тақырыптарға батыл барлау 
жасап жатқан ұлттық әдебиеттану 
1920-1930 жылдардағы әдебиеті де 
назардан тыс қалдыра қойған жоқ. 
Ғылыми зерттеушілік мақсатта аз-
ды-көпті сөз болған С. Мұқанов пен 
М. Әуезов болды. Бірақ ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір оларды арнайы 
мақсатта тексеруге ұмтылды деп кесіп 
айту қиын. Өйткені, М. Әуезов тура-
лы жазылған мақалалар «Абай жо-
лы» эпопеясына байланысты жазушы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


292


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет