Тақырыбы: Бір арнаға тоғысқан-егіз ұғым



Дата18.09.2024
өлшемі21,04 Kb.
#204638
Байланысты:
Сро 1 әдеб


Тақырыбы: Бір арнаға тоғысқан-егіз ұғым.

Біз бүгін Айгүл Кемелбаеваның қаламынан туған екі туындысы: “Ғибадат” және “Құс” шығармаларын талқылаймыз. Жалпы Айгүл Кемелбаеваның бірнеше шығармаларымен біз бұрыннан таныс едік. Дегенмен, автор осы екі шығармалары арқылы қарапайым өмірді сипаттап қана емес, жұмбақтап, астыртын мән үстейтінін аңғарамыз.


Ең алдымен “Ғибадат” шығармасына тоқталайық. Шығарманың тақырыбынан – ақ біз әңгіменің не туралы болатынын жақсы түсінеміз. Бірақ бұл шығарманы оқи келе, оның жай ғана жаратушыға табыну туралы айтылмайтынын байқауға болады. Шығарма қарапайым адамдардың өмірінен, күйбең тіршілігінен бастау алады. Адамның жан жолдасы санайтын ит жануарының аяғы жараланады, оны иттің иесі байқамайтын, бірақ дос санап жүрген, тіпті кейбір адамдардан да артық болып кеткен итінің аяғының жағдайын көргенде, кейіпкердің ішкі жанының ауырсынуы, аяныш сезімі, қамқорлық сезімі бірінен соң бірі суреттеледі.
Дегенмен, иттің жарақат алуы мен адамның оны көріп қиналуының ғибадат тақырыбына қатысы қанша деген сұрақ әрқайсысымыздың көкейімізде тұруы хақ. Негізінен, бұл шығарманың бастапқы идеясы: тірі пенденің жаны рухани сенімге қалай ие болады, адам қандай жағдайда іштей, моральдік тұрғыда кемелдене алады, Тәңірге деген сенім адамда қалай қалыптасыны сияқты мәселелерден құралады. Яғни, “адам баласы өз бойынан Құдайға деген сенімді қалай табады” деген сұраққа жауабын анықтай отыра философиялық тұрғыда суреттелетін әңгіме. Шығармадағы кейіпкеріміз Бижан да осы сұрақтың шешімін табуға тырысады. Адам жаны Алла Та­ға­ланың мейірімін, рахымын қалап тұрады. Адам дінге, иманға сонау өзінің күшінің, байлығының, тіпті шеберлігінің арқасында емес, тек ақылмен ғана келе алатындығы жөнінде айтылады. Жалпы “Ғибадат” шығармасының идеясы ретінде Айгүл Кемелбаеваның өзі айтқан сөздерінен дәлелдей аламыз. Мәселен: “Менің түсінігімде, дінді адамның жан-дүниесі қалауы керек. Ал бізде керісінше, сырт­қы формалары көп. Оған ақша мен саясат араласқан уақытта дін – дін болмай кетеді. Бізде Құ­дайға сену ата-бабамыздан келе жатқан, бойымызға ананың сүтімен берілетін қасиет. Ал “Ғибадат” атты әңгімемнің негізгі айтар ойы адам жаны рухани сенімге қалай ие болады, Құ­дайын қайтіп іздеп табады дегенге саяды. Адамды адам қылатын – иманы, тілі және санасы. Кез келген қоғамда биік мораль болуы керек.”, - деп түйін шығарған болатын. Расымен де, кез-келген адам жалпы әлем туралы, өмір туралы тереңірек ойлануы мүмкін. Бірақ Жаратушыға деген сенімді өз бойынан кез-келген адам таба бермейді.

Екінші реттегі шығармамыз: Айгүл Кемелбаеваның кезекті “Құс”әңгімесі.


Бұл әңгімеде, бас кейіпкер біртүрлі жағдайларға кезіге береді. Бірақ сол жағдайларға ортақ нәрсе ол – құстардың не өлі денесін не жараланған денесін қай жерге барса сол жерден кезіктіруі. Ал кейіпкер болса, оны жаман ырым, жаман жағдай деп өзі қараға балайды. Әрине, адамның өзі жағдайды жаманшылыққа жорып тұрса, соңы сәттілікпен аяқталуы екіталай. Бірақ соңында, кейіпкер қасиетті оразаны ұстауға бекінеді. Ораза уақытында ол іштей көңілі қалаған тілектерін әр күн сайын қаза қылмай тілеп отыратын. Нәтижесінде ол болған жайттарды тек жақсылыққа балауды әдетке айналдырды. Соған байланысты оның өмірі де, айналасы да жүз сексен градусқа өзгерді десек қателеспейміз. Демек, бұл шығармада ең алдымен Аллаға деген шын сенім, ал екіншіден адамның шынайы ниеті туралы жазылған.
“Ғибадат” және “Құс” шығармаларының ұқсастығы мен айырмашылығы.
Ұқсастығы: Екі шығармадағы басты кейіпкерлеріміздің бауырларының есімі бірдей: Бижан
Шығармаларда екі Бижанның атқаратын қызметтері де бірдей, хирург, яғни ақ халатты абзал жандар.
Қос Бижанның бейнесіне тоқталу:
“Ғибадат” әңгімесінде Итінің зақымданған жерлерін емдеп, оның айығуна үлес қосты. Ал “Құс” әңгімесінде киелі құс көгершінге алғашқы көмегін көрсетеді.
Екі кейіпкердің бойында да адамгершілік,мейірімділік, қамқорлық, сезімталдық сияқты ортақ қасиеттерді кездестіреміз.
“Ғибадат” әңгімесінде иттің аяғы жараланғанын ұзақ уақыт байқамай, байқаса да мән бермегендей көрінетін. Ал кенет көзілдірігін таққаннан кейін, итінің жарасын бірден байқап, іштей өз-өзін кінәлай бастайды. “Құс” шығармасында да бұл жағдай кездеседі, яғни кейіпкер көзілдірік кигеннен соң ғана құстың зақым алғанын көріп, емдеуге кіріседі. Мен бұл жағдайларды, адамның көзі бір шындыққа, ақиқатқа жеткеннен кейін ғана алдамшы сенімді жойып, нақты әрекетке кіріседі деп түсіндім.
Айырмашылығы: “Ғибадат” әңгімесінде көбіне Алланы іздеу, тану иман, адамның рухани бейнесі туралы сауалдар қозғалды. Бұл дүниедегі барша тіршілік иесі, тіпті мына әлемнің өзі Аллаға тиесілі, ал адамдар әр ісінің арамдығы азайып, адалдығы арта түскенде, жасаған жақсылығы молайғанда және дұрыс жолды таңдаған кезде ғана Алланың рақымына бөленетіні жайлы астыртын мағынада сөз болады. “Құс” әңгімесінде керісінше, Жаратушыдан бөлек адамның өзі, оның іс-әрекеттерінің дұрыс-бұрыстығы, адам мен тірі тіршілктің арақатынасы жайлы тақырып қозғалады. Бұнда бірінші шығармадағыдай философиялық тұрғыда сұраққа жауап іздемейді, шынайы өмір арқылы суреттейді.
Шығармалардан алар қортынды: Әрқайсымыз бұл өмірге тек – қонақпыз. Шырылдап дүниеге келген сәтте күнәдан пәк, арам ойсыз келеміз, бірақ өсе келе әрбір пенденің алдында ақ пен қара, жақсы мен жаман қатар жүреді. Бірақ сол жолдардың бірін таңдап, соған мойынсұну – әр адамның өз қолында.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет