ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
общать кому-либо об аресте их жен),
то разгром «идеологических вредите-
лей» среди ученых и писателей велся
открыто. Под непосредственным ру-
ководством Суслова не только на всех
учасках идеологического фронта про-
должались «разоблачения», начатые
Ждановым (литература и искусство,
наука и философия), но зоны бое-
вых действий еще и расширились»,
– деп атап айтылғандай, орталықта
басталған әшкерелеу науқаны ұлт
республикаларында «буржуазиялық-
ұлтшылдықты», «идеясыздық пен
саяси көрсоқырлықты» талқандауға
ұласты [78, 55]. Қазақстанда 1947
жылғы қаулының жарық көруінің
осындай негізі бар еді. Бұл қаулы
ұлттық әдебиеттің болмыс-бітімін
тарихи шындыққа сай жүйелі түрде
зерттеуді жасауға батыл қадымдарды
теріске шығарып қана қойған жоқ,
ғылыми мәне зор ізденістерге тоқтау
да салды. Нақтылай айтар болсақ,
батырлар жырының төрт томдығы
мен «Қазақ әдебиеті тарихының»
басуға даярланып қойған бірінші
томдығы, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кен-
жебаев, Ә. Мәметова, Т. Нұртазин-
нің кандидаттық диссертациясында-
ғы маркс тік-лениндік әдіснаманың
тап тық принциптеріне сай келмей-
тін жаңашыл бағыттары мен көз-
қарастары сынға ұшырады. Соны-
мен қатар еңбектер мен мақалаларға,
орта мектепке арналған әдебиеттік
оқу кітаптарына «ақын-жазушылар
шығармашылығы тап күресімен
байланыстырылмай бір жақтылықта
түсіндіреді, тек жақсы жағынан
бағалап, олардың феодалдық-реак-
цияшыл, ұлтшыл-буржуазияшыл са-
рындарын бүркемелей баяндады»
деген айып тағылды. Әсіресе Ба-
зар, Мұрат, Шортанбай, Шәңгерей,
О. Қарашев, С. Торайғыров мұрала-
ры ғылымға жат, «зиянды концепция-
мен» зерттелгені баса айтылды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының
1940-жылдардағы табыстарын осы-
лайша жоққа шығарған бұл қаулы
В. И. Лениннің «ескі мәдениет ту-
ралы» қағидасын тағы да алға тар-
тып, «тұрпайы социологизм» тео-
риясына тән қате көзқарастың қайта
өріс алуына жол ашты. Ең бастысы,
ұлттық әдебиеттанудың ғылыми
әдіснамалық
ізденістерінде
кең
өркен жая бастаған тарихилық жә-
не халықтық принциптеріне маркс-
тік-лениндік ілімнің таптық қағи-
дасының тар шеңберіне қайта апарып
құрсаулауды саяси мән бере отырып
негіздеді.
Қаулыда ресми тұрғыда тұжы-
рымдала айтылған айыптауларды
Қазақстан Компартиясының секре-
тары Ж. Шаяхметов Алматыдағы
творчестволық зиялы қауым ал-
дында жасаған «Идеология майда-
нындағы қызметкерлердің айбын-
ды міндеттері» аталатын баяндама-
сында тарамдата баяндады. Онда
әдебиетші ғалымдарының «қазақ
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
297
Достарыңызбен бөлісу: |