Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет37/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
зициялық құрылысындағы алатын 
орнына қарай талдау, сол арқылы шы-
ғарманың айтар ойы мен тәрбиелік 
мәнін ашуға деген ұмтылыс басым. 
Ең бастысы – әйелдер образын бір-
бірімен салыстырмалық тұрғыда тал-
дауы. Аналық, Қарлығаш және Құрт-
қа, Қарлыға-Құртқа бейнелерін бір-
бірімен салыстыра қарастыруда, бұл 
образдарды жасаудағы шамандық-
қа негізделген мифтік дүниетаным 
мен ислам дініне сай жырды шы-
ғарушы көзқарасын ашуда, қазақ 
әйелінің қоғамдағы орнын анық тау да 
зерттеушілік мақсат ұстайды. Жыр-
дағы қазақ әйелдерінің тағдырына 
ислам дінінің әсеріне, әйелдерге де-
ген мұсылмандық көзқарасқа сын -
шылдық тұрғысынан келуінен сол 
кездегі әйелдер теңдігі туралы қо-
ғамдық ой-пікірдің әсері анық бай-
қалады. Жырдағы образдар жүйе сін 
сөз етудің нәтижесінде Ә. Бө кейха-
нов ұлттық ғылыми-зерттеу шілік 
ой-пікірге шығарма кейіпкері деген 
ұғым енгізді. Қобыланды бейнесі ар-
қылы тарихи, Көктен кемпір, Құртқа 
образдары арқылы мифтік кейіпкер 
деген түсініктің орын алуына бастама 
салды.
3. Әдеби шығарманың тарихқа қа-
рым-қатынасы мен шыққан кезеңін 
анықтауда бұрын тарихи оқиғаның 
жырлануы мен шежіредегі тарихи 
деректерді, аңыздық желілерді қатар 
алып жүрген тарихилық принци-
піне жаңа бағытты, яғни көркем 
шығарманың өзі арқылы, ондағы 
образдардың жасалуындағы көзқа-
рас арқылы зерттеуді бірінші боп 
қолданды.
4. Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір-
де айтылып келген әдеби мұраның 
халықтығы проблемасын белгілі 
бір шығарманы талдау арқылы ғы-
лыми негіздеді. Әсіресе, ол Қарлыға 
образын сөз етуде анық көрінеді. 
Бұрын нақты образдың жасалуын-
дағы халықтық көзқарас деген мәселе 
сөз болмаған еді. Расында да Қар-
лыға бейнесі басқа батырлар жырын-
да ұшыраспайды. Аналық, Қарлығаш 
бейнелерін жасаудағы ислам діні-
нің, Құртқа, Көктен кемпір образ-
дарын сомдаудағы мифтік ұғымның 
ықпалын қазбалай айтқан мақала 
авторы Қарлыға бейнесіне келгенде, 
оны өз бақыты үшін күресуші, ол 
үшін ештеңеден тайынбайтын қай-
сар жан деп түсіндіреді. Мақаладағы 
Қарлыға бейнесіне байланысты ай-
тылған баға кейінгі зерттеу еңбек-
терде қайталана айтылып, әлі күнге 
дейін келе жатыр. «Несмотря на ее 
безумную отвагу, чудовищные жес -
токости и кажущуюся бессер деч -
ность, народ признал Карлыгу, – деп 
жазады Ә. Бөкейханов – за нор-
мальное явление при налич ности 
непо сильных и крупных препят-
ствий к восстановлению попран-
ных прав женшины, видя в ней не 
безнравственное чудовище, а свою 
надежду на лучшее будущее киргиз-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет