ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Қазақ әдебиеттану ғылымының
туу дәуірінде қол жеткізе алған табы-
старын саралаған уақытта, оның өз
қадамын нық баса алғанын дәлелдей
түсетін тағы бір жайттарға назар
аударған абзал. Ол – осы ғылымның
қосалқы салалары болып табыла-
тын библиография мен текстоло-
гиясына қатысты мәселелердің де
нақты көтеріле бастауы. Ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір осы екі сала
бойынша алғашқы барлауларының
жиынтығы болып табылатын кейбір
нәтижелерін ұсынып та үлгерді.
Егер бұл барлауларды тарамдата
баяндасақ, библиографияның тұң-
ғыш қадамы ХІХ ғасырдың соңына
қа рай көрініс берген екен. Оның нақ-
тылы себебі де жоқ емес. Ол ұлттық
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде фи-
ло логиялық және биографизм мек-
тептерінің белгілері молырақ орын
алуының әсерінен еді. Қазақ дала-
сын зерттеген орыс ғалымдарының
көпшілігі орыс әдебиеттануындағы
осы мектептердің ықпалында бола-
тын. Проффессор Ә. Нарымбетовтің:
«Революцияға дейінгі көрсеткіштер
комплексті сипатта болды. Қазақ
әдебиетіне тікелей арналған көрсеткіш
бола қойған жоқ. Қазақ әдебиетіне
байланысты библиографиялық де-
ректер экономика, статистика, этно-
графия, шаруашылық, тарих жайлы
материалдардың ішінде жүр ді», –
деп атап көрсеткеніндей, олардың
көрсеткіштері жалпылама сипатта
құрастырылды [25, 9]. Қазақ әде-
биеті туралы библиографиялық мағ-
лұматтар мен деректер көбірек кез-
десетіндері де бар. Атап айтсақ,
З. М. Пенкинаның «Закаспийский
край. Систематический сборник би-
блиографических указаний книг и
статей» (Спб., 1888), А. Н. Хару-
зиннің «Библиографический указа-
тель статей, касающихся этногра-
фии киргизов и каракиргизов 1734-
1800 гг.» (Этнообозрение, 1891,
№2), «Киргизы Букеевской орды»
(1889), Е. А. Алекторовтың «Указа-
тель книг, журнальных и газетных
статей и заметок о киргизах» де-
ген атпен «Оренбургский листок»
газетіне 1892-1893 жылдары, «Тур-
гайская газетада» 1895 жылы, Қазан
университеті «Хабаршысының» 1900
жылғы 16-томында жарияланған
көрсеткіштері, Д. К. Зелининнің
1913 жылғы Санкт-Петербургтен
шыққан библиографиялық көрсет-
кіштері бұл сала бойынша жүр гізі-
лер жұмыстардың ізашары болды.
Бұлардың қатарында ұлт зиялы-
ларының өкілдері болмағаны мен,
орыс ғалымдарының қазақ әдебиеті
мен фольклоры туралы материал-
дарды библиографиялық тұрғыда
жү йелеуге ұмтылыс жасауы, келе-
шекте жүзеге асар үлкен істің баста-
масы еді. Қазақ библиографиясының
білгір мамандарының бірі Ә. Нарым-
бетов оны дұрыс бағалай отырға-
нымен, төңкеріске дейін осы орыс
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|