Қадірлі оқырман!


«Алдымен күнәләрға тоқталар болсақ, күнә



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата17.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#191883
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Niyet x Abylai Kenzhaly

«Алдымен күнәләрға тоқталар болсақ, күнә 
– еш уақытта да ниет себепті құлшылық 
амалға айналмайды. Мысалға, кедей адамды, 
басқа адамның ақшасымен тамақтандыру. 
Харам жолмен табылған дүниеге құлшылық 
орындарын салу және тағы да басқалары». 
Осы жерде тағы қозғап кетер мәселе, өзін 
құрбан етіп басқаларға дағуат жасауды айтса 
болады. Мысалға, әйел адамды, қыз баланы 
бөтен көздерден қорғаушы ретінде болған 
орамалды өзіне лайықсыз жерге қолдану, 
орамалмен билеп, өлең айтып, тик ток түсіру. Ол 
әпке-қарындастарымыз: «Біз осы амалымызбен 
өскелең ұрпақты жақсылыққа шақырып, дін жайып 
жатырмыз»–деп ойлауы мүмкін. Бірақ, оның бұл 


22
жақсы ниеті – оның оғаш қылығын ешқашан да 
ақтап алмайды. Қорытындылай келе, мубах (ішіп-
жеу, ұйықтау) секілді амалдар жақсы ниетпен 
құлшылыққа айнала алады. Бірақ, күнәлі амал – 
ниетің жақсы болса да, ешқашан да құлшылыққа 
айналмайды.


23
НИЕТ 
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ниет – бүкіл амалды жемісті қылар ең маңызды 
нәрсе екенін айтып өткен болатынбыз. Осы 
жерде ниетті жаңарту, ниетті қайта дұрыстау 
деген тақырыпқа орын берсек. Қарапайым 
мысал, бір шәкірт өзінің надандығын жою үшін, 
үмметке пайдасын тигізіп, адамдарға дін мен 
ілім жаю үшін діни оқу орынға түсті делік. Содан 
уақыт өте жамағаттардың ұстаздарға көрсетіп 
жатқан ілтипатын көріп, кей ұстаздардың алатын 
жалақысына қызығып, я болмаса шәкірт ақыдан 
айырылып қалмас үшін өте қатты ілім алып, сол 
амалымен ниеті күннен күнге нашарлап жатыр. 
Қазір көп уақыт ілім алуға арнаса да, ниеті – 
мансап, абырой, дүние. Сол жағдайларда әлгі 
шәкірт ойлануы қажет. «Мен ең алғашында Алла 
үшін, үммет үшін дін оқуына түскен едім. Қазір 
кімге айналып жатырмын?! Ниетімді қайта түзеуім 
қажет»,–деп, бастапқы ниетіне қайтадан оралуы 
тиіс. 
>⃞■


24
Ниет – дұға іспетті амал. Бұрын бір апамыздың 
оқиғасын естіп едім. Ол апамыздың бар ниеті – 
кішкентай баласын танымал қылу болған еді. 
Сол балам танымал болсын деп дұға қылып, ниет 
етіп жүрген уақытта, баласы қатерлі аурумен 
аурып, ол баланың суретін жарияламаған паблик 
қалмады. Ол баланы барлық аккаунттар белгілеп 
салды. Бала танымал болды. Бірақ, өте ауыр 
жолмен. Бұндай мысалдар өте көп. Сол себептен 
қазіргі уақыттан бастап, ниетіңізді өте берік етіп 
нақтылап алғаныңыз жөн.
Ниет – әрдайым жаңартуды талап ететінін білдіңіз. 
Әрбір амалыңызды соңына дейін апаратұғын 
нәрсе де осы – ниет. 
Алла баршамызға пайдалы ілім нәсіп етсін!
>⃞■


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет