2
ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!
Сіз үшін жаңа кітап дайындадық. Еңбегімізді
бағалап, қолдау білдіргеніңіз үшін
зор алғыс
білдіреміз. Бұл кітап сізге ниет мәселесіндегі
сұрақтарыңызға жауап беріп, сіздің тақуалығыңыз
бен біліміңізді арттыруға
септігін тигізер деген
ниеттеміз.
Жаңа кітабымыз ұнаса,
тегін таратуға
асықпаңыз
! Керісінше, тағы бір нұсқасын сатып
алып, жақыныңызға сыйласаңыз,
оның да сіз
секілді кітап пен білімге жақындауына үлес
қосасыз. Сондай-ақ біз де шабыттанып, жаңа
ізденіске жол ашамыз.
Біздің мақсатымыз – сізге пайдалы болу.
Кітаптан жиналған қаражат алдағы уақытта
жаңа жобаларға жұмсалмақ. Демек кітапты
тегін таратуға, интернетте жариялауға,сатуға
жол жоқ.
Өзіңіз бен өзгеге зиян тигізбеу – мұсылманға тән
сипат. Алла Тағала баршамызға пайдалы
білім
нәсіп еткей!
3
АЛҒЫ СӨЗ
Барша әлемдердің Раббысы болған Аллаға
сансыз мақтаулар мен мадақтаулар әрі Оның
сүйікті елшісі Пайғамбарымызға салауаттар мен
сәлемдер болсын!
Құрметті, оқырман!
Алланың қалауымен
биылғы 8-кітапшамыз жарық көрді. Бұл шағын
кітабымызды «ниет» тақырыбына арнауды
жөн көрдік. Бұл кітапшамызды жазудағы басты
көмекші құрал ретінде имам ән-Нәуәуидің 40
хадис, «Риядус салихин» еңбегін,
ибн Ражаб
әл-Ханбалидің ниет хадисіне жазған шархын,
имам әл-Ғазалидің «Минһәж әл-абидин» мен
«Ихия улум әд-дин» және тағы да басқа бірнеше
еңбектерді пайдаландық.
Алла баршамызға пайдалы да
жемісті ілім нәсіп
еткей!