Қадірлі оқырман!


« Аллаһ елшісі (Алланың оған игіліг мен сәлемі  болсын): «Шын мәнінде, Аллаһ тағала сендердің сыртқы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата17.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#191883
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Niyet x Abylai Kenzhaly

«
Аллаһ елшісі (Алланың оған игіліг мен сәлемі 
болсын):
«Шын мәнінде, Аллаһ тағала сендердің сыртқы 
дене-бітімдеріңе не түр-тұрпаттарыңа емес, 
жүректерің мен амалдарыңа қарайды»,
– деп 
айтты» – делінген
(МУСЛИМ, БИРР 33) .
Абдуллаһ ибн Аббас ибн Абдулмутталибтен (Алла 
оған разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі 
(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Ұлы 
Раббысынан риуаят етіп:
«Расында, Аллаһ тағала бүкіл жақсылық пен 
жамандық атаулыны жазып, оны былайша 
ашып түсіндірді: «Кімде-кім жақсылық 
жасауға ниеттеніп бірақ жасамаса, Хақ тағала 
оны толық жасалған бір жақсылық есебінде 
жазады. Егер жақсылық жасауды ойға алып, 
оны жүзеге асырса, Аллаһ тағала сол бір ғана 
жақсылығы үшін он сауаптан бастап, жеті жүз 


7
есеге дейін, тіпті, одан да еселеп сауап жазады. 
Ал кімде-кім бір жамандық жасауға ниеттеніп, 
алайда оны жасама- са (яғни, одан Аллаһ үшін 
айныса), Аллаһ мұны да Өз құзырында толық 
жасалған бір жақсылық деп жазады. Ал егер 
іштей ұйғарған жамандығын жасаса, Аллаһ 
тағала сол жамандықты ғана жазады», – деген
(БҰХАРИ, РИҚАҚ 31; МУСЛИМ, ИМАН 207) .
1

имам ән-Нәуәуи 
«Риядус салихин», Ниет-ықылас 
бабы.


8
НИЕТ
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі 
болсын) өзінің бір хадисінде былай дейді:
«Амалдар түпкі ниетке байланысты. Расында, 
әрбір адам ниет еткеніне қол жеткізеді»
2
.
Бұл аталмыш хадисті Яхья ибн Сәғид әл-Ансари, 
Мухаммад ибн Ибраһим әт-Тәймиден, ол болса 
Ғәлқама ибн Уәққостан, ал Ғалқама Омар ибн 
әл-Хаттабтан(Алла олардың баршасынан разы 
болсын) жеткізеді. 
Ниет дегеніміз – жүректің бір іске қарай бағыт 
алуы. Ой мен амалдың арасындағы нәрсе. Араб 
тілі сөздіктеріндегі тура мағынасы – бағыт, 
мақсат деген мағынаны білдіреді.
Ғалымдарымыз бұл хадистің сахих екендігіне 
бірауыздан келіскен. Имам әл-Бұхари өзінің хадис 
жинағын осы хадиспен бастаған. Өйткені,ол 
«Алла үшін болмаған істердің барлығы пайдасыз. 
Оның бұл дүниеде де, ақіретте де жемісі жоқ»,– 
деп айтып өткен.

Сахих әл-Бұхари




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет