248
Андрогенез in vitro
(
лат.
аndros – еркек; гр. genesis – тегі, ағ. in vitro
androgenesis) – аталық гаметофитті жасанды қоректік ортада (
in vitro
) өсіргенде, тек
қана аталық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу үдерісі.
Андрогормондар
– шауқат (сперматозоид) гармондары.
Анеуплоид
(
гр.
аn – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы, eu – жақсы,
əбден; ploos – еселі; eidos – түр, ағ. aneuploid) – ядро, жасуша, организм
хромосомалар жиынтығының (кариотиптің) бір немесе бірнеше хромосомаға артуы
не кемуі. Мысалы, диплоидтық хромосомалар жиынтығы жалғыз бір хромосомаға
кемісе – моносомик, бір жұп хромосомалары жойылса – нуллисомик деп аталады.
Антигендер
(
лат.
аnti – қарсы, қарама-қарсы, гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ.
antygene) – иммундық жүйеде антиденелерді түзуді қоздыратын ақуыздар,
антигендер антидене түзетін затпен арнайы өзара байланысуға қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: