Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет124/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Антидене
(антитело) – иммундық жүйемен шығарылатын ақуыздар, олар
бөтен патогендік агенттердің, ақуыздардың (антигендер) əсерін тежейді.
Антисарысу
(ор. сыворотка) – бөтен агенттерге қарсы антиденесі бар
иммунизацияланған жануар мен адамның сарысуы.
Антральды фолликула
(екіншілік фолликула) – антромумды, яғни
құрамында ооциті бар митоздағы профаза І фазасының пахинема кезеңіндегі
фолликуласы.
Апикальдық меристеманы өсіру
(
лат.
apex – ұшы, гр. meristos – бөлінетін,
ағ. apical meristem culture) – өсу конусының ең жоғары ұшынан бір немесе екі
алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлігін залалсыздандырылған
қоректік ортада өсіру.
Апикальдік басымдылық
(
лат.
apex – ұшы, dominans – үстемділік,
басымдылық) – бұтақтың жоғары жағында, ұшында орналасқан бүршіктің төменгі
жанама бүршіктердің өсуін тежеуі.
Апогамия (апогаметия)
– (гр. apo - бір нəрсенің немесе құбылыстың
болмауы; gamos - неке) – апомиксистің бір түрі. Гаметалар түзілмейді, сондықтан
ұрық аналық синергидтерден пайда болады.
Апомиксис
(
гр.
аpo – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы; mixis –
араластыру, ағ. apomixis) – организмдердің жыныссыз жолмен пайда болған ұрықтар
арқылы көбеюі.
Аптамерлер
– ағзада тұрақты түрде сақталатын жəне спецификалық нысана –
ақуыздарымен 
тіркесе 
байланысқан, өз 
ретімен 
орналасқан 
бірнеше
нуклеотидтерден ғана тұратын бір үзікті (цепьті) кішкене олигонуклеотидтер.
Асептика
– жараға жанасатын барлық құрал-саймандарды арнайы тазалау
арқылы хирургиялық инфекцияларға жол бермеу тəсілі.
Асептикалық жағдай
(
гр.
а – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы;
septikos – шірік, ағ. aseptic conditions) – толық залалсыздандырылған жағдай (іріп-
шіру болмауын, шірімеуді қамтамасыз етеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет