Р
Расса
– экологиялық нəсіл, бір түр ішіндегі экологиялық оқшаулық, кейде
айтарлықтай
морфологиялық
айырмашылығы
болмайтын
организмдерге
қолданылатын таксономикалық атау.
Ревертаза (кері транскриптаза)
(лат. reversion – қайта оралу) – кері
транскрипция жүргізетін, яғни РНҚ матрицасына ДНҚ-ның синтезін жүргізетін
фермент (РНҚ-ға тəуелді ДНҚ-полимераза).
Регенерант
(
лат.
regeneratio – жаңғыру, қайта басталу, regenerated plant) -
in
vitro
жағдайында қоректік ортаға өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіргенде
пайда болған өсімдік.
Редифференциялану
(
лат.
re – əрекеттің қайта басталуы немесе қайталануы,
differentia – айырмашылық) дифференцияланған жасушалардың бір маманданған
жағдайынан басқа жағдайға ауысуы, бөліну арқылы немесе тікелей.
Рекомбинация
(
лат.
re - ….,combination – қосылу) – ата-аналық екі ДНҚ
молекулалары арасында генетикалық материалдың алмасуынан пайда болатын
рекомбинанттық (будан) ДНҚ.
Репарация
– ДНҚ тізбегіндегі физикалық немесе химиялық мутагендердің
əсерінен пайда болған мутациялық өзгерістердің жəне ДНҚ-ның қалыпты
репликациясында түзілген жаңылыстың арнайы ферменттер жүйесінің əсері арқылы
бастапқы қалпына келуі.
Репликация
– ДНҚ-ның екі еселенуі. Митоз немесе мейоз жолымен бөлінер
алдында жасушаның ДНҚ-ы екі еселенеді, сондықтан да жаңа жасушалар бастапқы
жасушалардағыдай генетикалық информация алады.
Репликон
– өздігінен екі еселенуге (репликация) қабілетті генетикалық
элемент.
Рестриктазалар (рестрикциялық эндонуклеазалар)
(лат. Restrictio - шек
қою) – ДНҚ молекуласын белгілі нуклеотидтер аралығынан жеке үзінділерге
(фрагменттерге) бөлетін ыдыратушы фермент.
Достарыңызбен бөлісу: |