270
кезінде лигаза ферменті экзондарды бір-бірімен жалғап, пісіп жетілген иРНҚ
түзіледі.
Эксплант
(лат. ex – сыртында, тыс, plantare – ery, отырғызу, ағ. explant) –
мүшенің немесе ұлпаның бөлігі, оны жеке өсіруге немесе одан бастапқы каллус
алуға болады.
Экспрессия
– транскрипция жəне трансляция арқылы жүзеге асатын, геннің
өзін байқатуы.
Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ)
– гаметалардың ағзадан тыс жерде,
яғни зертханалық жағдайда ұрықтандырылуы.
Электрлі құрғатқыш шкафы
– ыдыстарды ыстық ауамен кептіруге арналған
қондырғы.
Электропорация
– жасуша мембранасында қосымша саңылауды өзін
инкубациялау немесе алғашқы каллусты алу үшін пайдалану.
Эмбриоид
(гр. embryon – ұрық, eidos - түр) – ұрық тəрізді құрылым, сомалық
жасушаларынан пайда болады, дамиды.
Эмбриоинженерия
– жануарлардың генетикалық бағдарламаларын, олардың
гаметасы мен эмбриондары деңгейінде өзгертуге бағытталған ғылым саласы.
Эмбрион тасымалдаудың хирургиядан тыс əдісі
– эмбрион тасымалдау
жұмыстарының барысында, ұрғашы дараның жыныс мүшелелері ұлпаларының
бүтіндігіне зақым келтірмей, əртүрлі механикалық əдістермен жұмыс істеу.
Эмбрионалдық ұрпақ жасушалары, ES
-
жасушалары
(ағ. embryonic
stemcells) – бластоцист сатысындағы эмбриондардың жасушалары, олар
жасушалардың кез келген типіне жетілуге қабілетті, оның ішінде бластоциста
сатысында басқа эмбрионға кіргізгенде ұрықтық желілері (линиялар) жасушаларына
айнала алады.
Достарыңызбен бөлісу: