Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет156/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Эмбриональды индукция
– дамып келе жатқан ағза бөліктерінің өзара əсері.
Мұнда бір бөлігі басқа бөлігімен əрекеттесіп, оның даму бағытын анықтайды.
Эмбрионəсіл (эмбриокультура)
– гаметалар мен эмбриондардың тіршілікке
қабілеттілік ерекшеліктерін мейлінше сақтай отырып, олардың физиологиялық
қорларын мүмкіндігінше толықтай алуға бағытталған, мал шаруашылығында
қолданылатын биотехнологиялық əдіс.
Эмбриондар селекциясы
– тасымалдауға арналған эмбриондарды екі класқа
бөліп, яғни, жарамды немесе жарамсыздарын айырып, сұрыптауға негізделген
принцип.
Эмбриондар тасымалдау (трансплонтация)
– донор аналықтан эмбрионды
реципиент аналыққа көшіру əдісі.
Эмбриондар тасымалдаудың хирургиялық əдісі
– аналықтың көбею
мүшелеріне жету үшін, оның ұлпаларының бүтіндігін бұзу (тілу) арқылы жүзеге
асырылатын, эмбрион трансплантациялау əдістері.
Эмбриондардың ағзаға сіңіп-өнуі
– жалпы пайдаланылған санға шаққандағы
реципиент жатырына имплантацияланылған эмбриондардың салыстырмалы
көрсеткіші.
Эмбрионның биологиялық құндылығы
– жаңа тіршілік иесінің туылуымен
аяқталатын, олардың қалыпты дами алуы.


271
Эмбрирондарды жуып алу
– көбею мүшелерінен (фаллопи түтігі немесе
жатырдан) арнайы қоректік сұйықтықты пайдалану арқылы эмбриондарды алу əдісі.
Эндогенді фактор
– ағзаның өз ішінде жинақталған, белгінің дамуына белгілі
дəрежеде əсер ететін, өзіндік жағдайлар.
Эндомитоз
(гр. endon – ішінде, mitos – жіп) – ядро жəне жасуша бөлінбей,
ядро қабығы бұзылмай, бөліну жүйкесі түзілмей, жасуша ядросындағы
хромосомалардың екі еселенуі. Эндомитоз полиплоидтыққа əкеліп соғады.
Эндоредупликация
(лат. reduplication – екі еселену) – хромосома түзуші
нуклеопротеидтік жіпшелер (хромонемалар) бірнеше есе көбейіп, өте үлкен алып
(полигендік) хромосомалардың түзілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет